Get Mystery Box with random crypto!

Ал енді ойын Моншақ тізу ойыны Ұрысып қалған балаларыңы | Айнұр Алдаш

Ал енді ойын

Моншақ тізу ойыны

Ұрысып қалған балаларыңызды отырғызып, сізге айтқан шағымдарын еске түсіресіз.

"Адамдар бір-бірі жайлы көп жаман сөздер айтқанда, олар алыстай береді. Ал жақсы сөз айтқан сайын бірігеді", - деп түсіндіресіз.

Енді балаларыңызды бірнешеу болса дөңгелек (круг) етіп отырғызасыз да, алдымен ең үлкеніне оң жағыңда отырған адамға жақсы сөз айт дейсіз.

- Қарындасым, сен сондай мейірімдісің
- Әпке, сен өте әдемісің
- Інім, сен шымырсың, - деген сияқты әр сол жақта отырған адам, әр оң жағындағы бауырына комплимент айтып шығады.

Комплимент айтылған сайын, коплимент алушы адам "рақмет" деп оның қолын ұстайды да, келесі отырған бауырына өз комплиментін айтады.

Оңнан солға қарай тізбек аяқталған соң, солдан оңға қарай комплимент айту басталады. Балалар қол ұстасқан күйі қала береді.

Әр комплиментті бауырының көзіне қарап айтуы керек, ал комплимент алушы оған рақмет деуі тиіс. Соңында балалардың бәрі қол ұстасып отырғанда:

"Әр қайсың менің бір моншағымсыңдар. Енді бір біріңе жақсы сөз айту арқылы біріктіңдер. Әрдайым жақсы сөз айтып, оған екіншің алғыс айтсаңдар, араларың үнемі жақын, көңіл-күйлерің осындай керемет болып жүреді", - деп ойынды аяқтайсыздар.

Балалардың қалауымен екі ұрысып қалған бауырды бірге отырғызып, екінші рет қайта ойнасаңыз да болады