Get Mystery Box with random crypto!

Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ

Telegram арнасының логотипі miyat_kashibay — Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ M
Telegram арнасының логотипі miyat_kashibay — Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ
Арна мекенжайы: @miyat_kashibay
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 652
Арнадан сипаттама

Журналист Мият Кәшібайдың авторлық каналы. Саясат, бюджет, мемлекеттік сатып алудағы күмәнді келісімшарттар жайлы жазамын.
Каналды демеп, дамуына үлес қосамын десеңіз, Kaspi Gold нөмірім: 7 747 601 70 41

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-04-18 02:11:18 Мәдениет министрлігі «әлеуметтік маңызы бар әдебиет» басып-шығаруға 1,6 млрд теңге жұмсамақшы Дәурен Абаев басқаратын министрліктің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарына сүйенсек, биыл да ақын-жазушыларымыздың түрлі кітабын шығыруға мембюджеттен қыруар…
774 views23:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 17:35:17
Меморганнан жауап күту - сүйікті ісім.
794 views14:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 17:35:16 Кейінгі жазбама байланысты астана тұрғыны Ерлан Оспан мәдениет және спорт министрлігіне мынадай сауалдар жолдапты:

1. Әдебиеттің әлеуметтік маңызы қалай анықталады?

2. Әлеуметтік маңызды кітап қандай талаптарға сай болуы керек?
816 views14:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 16:13:48 Мәдениет министрлігі «әлеуметтік маңызы бар әдебиет» басып-шығаруға 1,6 млрд теңге жұмсамақшы

Дәурен Абаев басқаратын министрліктің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарына сүйенсек, биыл да ақын-жазушыларымыздың түрлі кітабын шығыруға мембюджеттен қыруар қаржы қарастырылып отыр.

Олардың кітаптары «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарту» атты бағдарлама аясында жарыққа шығады. Жұмсалатын қаржының жалпы көлемі – 1 млрд, 630 млн теңге.

Министрлік бір автордың бір кітабын шығаруға әртүрлі қаржы жұмсайды. Кейде бір кітапты дайындап, таратуға 3-6 млн теңге бөлсе, кейде одан көп. Мысалы, Орындыбике Бегелдинованың «В небе он был неустрашим. Талгат Бегельдинов» кітабына 28,6 млн, Жұмаділ Шілдебаев пен Махаббат Аманбаеваның «Биология. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық» атты кітабына 19 млн, Гүлбахрам Жүністің «Желтоқсан-86 көтерілісі энциклопедиясына» 19 млн, Нұрлан Құмардың «Көк байрақтай - көк жейде» кітабына 11,4 млн, Светқали Нұржанның «Жастықтың жазғы жайлауы» кітабына 10,2 млн, Надежда Чернованың «Летящие в тумане» кітабына 7,9 млн, Ұлықбек Есдәулеттің "Қарғалдақ" кітабын 6,2 млн теңге бөлген. Бұлардан бөлек, министрлік кітабын шығарып беретін тағы 50-ден астам автор бар. Толық тізімдім келесі жолы жазармын.

Мәдениет министрлігі былтыр да шенеуніктер мен ақын-жазушылардың кітабын шығаруға 700 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Ол жайлы мына мақаламнан оқи аласыздар. Ал былтыр қай автордың қандай кітабы мемлекет қаржысына жарық көргені туралы мәлімет мына жазбамда.
1.3K viewsedited  13:13
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 10:50:24 Мемлекеттік сатып алу саласын зерттеп жүрген білікті маман Ғалымжан Оразымбет екеуіміз Азаттықтың "Бастаңғы" подкасына қатысып, жемқорлық, тендер, бюджет, бизнеспен айналысқан шенеуніктер жайлы айттық.

Қысқаша мазмұны мынадай:

*Біз жемқорлықсыз өмір сүріп көрген жоқпыз

*Біздің елде жемқорларға қарсы заң жұмыс істемейді, бәрі президент пәрмені бойынша шешіледі.

*Қоғамның жемқорлық күдігіне ілінгендерге қатысты реакциясы әлеуметтік желідегі жазбалармен шектеледі.

*Шымкенттегі наурыз бюджеті қоғамда үлкен резонанс тудырды.

*Қаңтар қырғыны - 30 жылдық жемқорлықтың "жемісі".

*Билік жемқорлықты заңдастырып алған. Оған дәлел - "Елбасы туралы заң".

*Жемқорлық күдігіне ілініп, репутатциясына дақ түскен шенділер лауазымды қызмет атқара береді. Себебі бізде ешкім сайланбайды, тағайындалады.

*Тендер - жемқорлық ұясы.

*Жемқорлықты жеңудің ең тиімді жолы - әділ сайлау.

Толық нұсқасы сілтемеде:

1.7K views07:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 15:17:13 Құрметті оқырман!

Бүгін - телеграм каналымның ашылғанын бір ай. Осы уақыт аралығында бюджет, мемлекеттік тапсырыстағы күмәнді келісімшарттар жайлы біршама материал жарияладым. Реакция білдіріп, пікір жазған әрбір оқырманға рақмет айтамын.

Дәл қазір каналға жазылған оқырман саны 707 адам болыпты. Ендігі мақсат - аудитория ауқымын кеңейту. Ол үшін маған сіздерден де көмек қажет. Каналға шыққан материалдарды достарыңызға таратып, көбеюімізмеге үлес қосыңыз. Басқа желілерге бөлісу де құпталады. Бірақ міндетті түрде дереккөзге, яғни, менің каналыма гиперсілтеме жасауды ұмытпаңыздар

P.S. Каналды қаржылай демеймін десеңіз, Kaspi Gold бар) Нөмірім: +7747 601 70 41
892 views12:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 15:00:34 Бюджеттен бөлінген миллиардттар допингке қарсы күреске жетпей жатыр ма?

1 млрд. 789 млн теңге. Бұл – спорт комитетінің 2016 жылдан бері допинге қарсы іс-шараларға бөлген қаржысы.

Комитет «спортта допингтің қолданылуына қарсы іс-әрекет жасау үшін және оны жою мақсатында» жыл сайын тендер өткізеді. Тендерді «тікелей бір көзден сатып алу тәсілі» арқылы спорт комитетіне қарасты «Допингке қарсы ұлттық орталық» деген меммекеме ұтып алады.

Назар аударатын жайт, допингке қарсы іс-шараларға бөлінетін қаржы жыл сайын көбейіп келе жатыр. Мысалы, спорт комитеті осы мақсатта 2016 жылы 4,8 млн, 2017 жылы 106,6 млн, 2018 жылы 266,5 млн, 2019 жылы 338,3 млн, 2020 жылы 328,4 млн, 2021 жылы 392,7 млн, 2022 жылы 352,3 млн теңге қаржы бөлген.

Бұдан бөлек, спорт комитеті жарыс уақытында және одан тыс уақытта спортшылардың биологиялық сынамаларын зерттеуге де жыл сайын қыруар қаржы жұмсайды. Комитет бұл қызметті атқаруды «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» деген меммекемеге тапсырады. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа қарағанда, комитет 2016 жылдан бері жарыс уақытында және одан тыс уақытта спортшылардың биологиялық сынамаларын зерттеуге 1 млрд, 364 млн теңге қаржы бөлген.

Жоғарыдағы фактілерге сүйенсек, спортшылардың допинг қолданған-қолданбағанын анықтау үшін де, допинг қолданудың алдын алу мақсатындағы профилактикалық іс-шараларға да қыруар қаржы бөлініп жатыр. Бірақ біздің спортшылар халықаралық жарыстарда допингпен жиі ұсталады. Сонда Қазақстан халқының салығынан бөлініп жатқан миллиардтардың желге ұшқаны ма?
861 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 13:10:52 Назарбаев шенеунік пе, бизнесмен бе?

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалғыз өзі иелік ететін бірнеше қор бар.

1. "Қазақстан республикасы тұңғыш президенті - елбасының қоры" деп аталады. 2000 жылы құрылған. Жиырма жыл жұмыс істеді.

Осы уақыт аралығында төлеген салығына қарап, аса ауқымды қор болды деуге негіз бар. Мысалы, 2016 жылы 5,7 млрд теңге, 2018 жылы 8,6 млрд теңге салық төлеген.

Қор қалай пайда тапқанын анықтай алмадым. Өйткені 2020 жыл бұл қор ресми түрде жұмысын тоқтатты. Ал егов ресми тіркеуден алынып тасталған заңды тұлғаның қандай компанияларға иелік еткенін көрсетпейді.

2. "Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қоры" деп аталады. Жоғарыдағы қордың орнын басқан ұйым деуге болады. Бұл қордың жалғыз құрылтайшысы бар. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев.

2010 жылы тіркелген. 2014 жылға дейін бір тиын салық төлеген жоқ. Сірә, ресми тіркелген соң төрт жыл бойы жұмыс істемеген болса керек. Қор 2015-тен бастап қазынаға салық құя бастады. Cол жылы 6,5 млн, 2016 жылы 143,6 млн, 2017 жылы 333 мың теңге, 2018 жылы 0 теңге, 2019 жылы 50 мың теңге салық төлеген. Ал 2020 жылы тарихындағы ең көп салық, 12 млрд, 805 млн теңге салық төлепті. Биыл да төлеген салығы миллиардқа жуықтап қалды.

Қорға ақша қайдан келіп жатыр? Назарбаев осы қор арқылы "Астана" телеарнасына, Kazakhstan Today ақпарат агенттігіне, Haileybury Astana School коммерциялық емес акционерлік қоғамына, ROYAL CITY BUILD тұрғын үй-құрылыс кооперативіне және т.б алты қор мен ұйымға иелік етіп отыр.

3. "Демеу" жеке қоры. 2013 жылы құрылған. Сол кезден бастап жалғыз құрылтайшысы - Назарбаевтың өзі.

Бұл қор да түрлі компанияларға иелік етеді. Олар: Демалыс және ойын-сауық ұйымдастырумен айналысатын Vega Dom компаниясы, ROYAL CITY BUILD тұрғын үй-құрылыс кооперативі, Burabay Park қонақ үйі және Turion Investment Group компаниясы.

Бір қызығы, қонақ үй бинесімен айналысатын Turion Investment Group компаниясының құрылтайшысы Назарбаевтың "Демеу" қоры ғана емес. Одан бөлек, бұл компания құрылтайшылараның қатарында шетелдік "Аль Джасра Глобал Риэл Эстейт" және Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның Mercury Properties компаниясы бар. Демек, Динара Құлыбаева мен Нұрсұлтан Назарбаев серіктес.

Айтпақшы, Назарбаевтың бұл қоры тендерге де қатысып тұрады. Мәселен, 2018 жылы "ҚР президенті іс басқармасының автошаруашылығы" деп аталатын мемлекетік кәсіпорын "Демеу" қорынан 43,2 млн теңгеге қара түсті автокөлік сатып алды. Бір дана.

4. Назарбаев қоры. 2009 жылы құрылған. Жалғыз құрылтайшысы – Н.Назарбаев. Бұл қор - Алматы қаласында тіркелген Pioneer Capital Invest компаниясының құрылтайшысы.

Егов мәліметінше, бұл компанияның қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері.

Pioneer Capital Invest 2017 жылы құрылған. Бес жыл ішінде қанша пайда тапқаны белгісіз. Бірақ құрылған сәтінен бастап 2 млрд теңгеге жуық салық төлегеніне қарағанда, бұл да ірі компания екенін аңғару қиын емес.

5. Ресми атауы: "Елбасы Қоры" жеке қоры. Жалғыз құрылтайшысы - жоғарыдағы кейіпкер. Бірақ бұл әлі сәби қор. Биыл наурызда құрылған. Соған қарамастан, алты компанияның құрылтайшысы. Биыл 60 млн теңге жуық салық төлепті. Болашағынан үмітім зор) Әлі талай отелдер мен ірі компаниялардың құрылтайшысы атанарына сенімдімін)

P.S. Президент туралы заң бойынша да, Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша да елде шенеуніктерге бизнеспен айналысуға рұқсат жоқ. Бірақ Назарбаев бәрін айналып өтеді.

Конституциямыздағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" деген бап Назарбаевқа жүрмейді. Өйткені оның өз заңы бар. 2000 жылы өзі шығарған "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасы туралы" деп аталатын заңның үшінші бабы оны бәрінен арашалап алады.

Ескерту: Бұл материалды 2021 жылы 2 желтоқсанда Facebook-тағы парақшамда жариялағам. Авторы өзім.Ол кезде Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы деген лауазымы арқылы биліктің бір тармағын өз қолында ұстап отырған шенеунік еді.
1.4K views10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 11:23:41 Әлия Назарбаеваның қоры миллиондаған теңгенің тендерлерін қалай алды?

Бүгін, 13 cәуірде бірнеше Telegram канал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі «Жандану әлемі» деген қор сайтының бұзылғанын хабарлады. Мен бұл қор немен айналысатынын анықтап көрдім.

Экс-президенттің кенже қызы иелік ететін қор 2015 жылы 18 ақпанда ашылған. Сол кезден бері жалғыз құрылтайшысы – Назарбаеваның өзі. Ал басшысы – Мұрат Исаханов деген адам.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жекеменшік қордың қызмет түрі – білім беру саласы.

Мемсатып алу порталының дерегінше, «Жандану әлемі» қоры Мәдениет министрлігінен бес рет тендер алған. Олардың жалпы құны - 1 млрд. 472 млн теңге. Келісімшарттың бәрі «тікелей бір көзден сатып алу тәсілі арқылы» жасалған. Бұл Назарбаеваның қоры тендерлерді конкурссыз ұтқанын білдіреді.

Министрлік пен Назарбаеваның қоры арасындағы келісімшарттың бәрі «Бала даусы» республикалық ән байқауына байланысты жасалған. Бұл конкурсты 2017 жылдан бері Назарбаеваның қоры өткізген. Тегін емес, әрине. Министрлік осы байқау үшін «Жандану әлемі» қорына 2017 жылы 267 млн, 2018 жылы 274 млн, 2019 жылы 307 млн, 2020 жылы 316 млн, 2021 жылы 309 млн теңге төлеген.

Әлия Назарбаеваның әкесі 2019 жылдың наурызына дейін ел президенті болғаны белгілі. Заңға сәйкес, мәдениет министрінін тағайындау немесе қызметтен босату - тікелей президент құзырында. Демек, Назарбаев тағайындаған министр оның қызына конкурссыз тендер беріп отырған деуге толық негіз бар. Қалай ойлайсыздар, бұл жерде мүдделер қақтығысы байқалмай ма?
1.1K viewsedited  08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 13:01:40 Адамдарды суицид жасауға дейін жеткізген Mudaraba capital қандай компания?

Желіде қаржы пирамидасына алданған адамның өзін өртеп жіберген видеосы тарады. Ақпаратқа қарағанда, өзін өртеген әйел Mudaraba capital деген компанияға 20 млн теңге салған. Бұл компания құрылтайшылары кім, қашан құрылған? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Mudaraba capital ЖШС 2020 жылы 28 мамырда заңды тұлға ретінде тіркелген. Сол кезден бері басшысы – Руслан Бурханов деген адам. Компания Алматыда тіркелген. Қазір тоғыз құрылтайшысы бар. Олар: MG partners ЖШС, Самат Қасенов, Мейіржан Төребаев, Руслан Бурханов, Әзімжан Саидбаев, Біржан Жармұхамед, Ғалымжан Санабеков, Мейірхан Шерниязов, Андрей Ча.

Бұлардың арасында Мейіржан Төребаев пен Самат Қасеновтен басқалары компанияға құрылған кезден бері құрылтайшы. Ал Төребаев пен Қасенов құрылтайшылар қатарына компания ресми тіркелгеннен кейін жарты жылдан соң, 2020 жылы қарашада қосылған.

Компания 2020 жылы 1,3 млн, 2021 жылы 1,2 млн теңге салық төлеген. Қазір cалық органдарына 39 теңге қарыз бар.

Тіркелген кезде мекенжайын өтірік көрсеткен.
878 views10:01
Ашу / Түсініктеме