Get Mystery Box with random crypto!

*** Ештеңе жаза алмадым көптен бері, Көптен бері іздеймін көк | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

***

Ештеңе жаза алмадым көптен бері,
Көптен бері іздеймін көктен нені.
Кеудемнен қиял құсы қайда қашты,
Қураған көк шөптердей көкбелдегі.

Іздеймін көктен нені жерден нені,
Сұраймын самаладан желден нені.
Жақсы өлең жазып тастар жөнім бар ед,
Жаман адам дегенде елдер мені.

Баяғыдай атуда нұрланып таң,
Біз әлі арылмадық құба - құптан.
Бойларын көтере алса бұғалықтан,
Айбаттырақ ел жоқ ау бұ халықтан.

Мен өзімде осынау күйге мүлдем,
Ой бөле алмай келемін күйбеңіммен.
Шаршамайтын сәттерде үйренуден,
Шаршамаймыз неге осы именуден.

Жырымды бар болса егер досым ұғар,
Жасықтардан жақсылық жасырынар.
Бірдеңе шималадым өлеңге ұқсас...
Маңдайыма жазғаны осы шығар.

Жоқ әлде жазбағаным жақсы ма еді?

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek