Get Mystery Box with random crypto!

Ықылас Олжайұлы ПЕРФОМАНС (немесе көбейту мен қосу ) ...Жү | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Ықылас Олжайұлы

ПЕРФОМАНС
(немесе көбейту мен қосу )

...Жүзді екіге көбейтсек
Екіжүзді шалдар шығады.

Отызды бірге көбейтсек
Опасыз хандар шығады.

Уайымды уақытқа көбейтсек
Алданған ғұмыр шығады.

Елбасын елге көбейтсек
Ессіздеу ұғым шығады.

Өлеңге сыйлықты қоссақ
Сарнаған ақын шығады.

Сақалға балақты қоссақ
Сарқылған ақыл шығады.

Билікке байлықты қоссақ
Баукеспе ұры шығады

Ұжданға ұрпақты қоссақ
бәрінің құны шығады...

@AbdiqalyevMeyrambek
@Meyrambek_poeziya