Get Mystery Box with random crypto!

Судоку – әлемдегі танымал сандар басқатырғышы. Жапон тілінен а | IQM | Математика-физика

Судоку – әлемдегі танымал сандар басқатырғышы. Жапон тілінен аударғанда "су" — сан, "доку" — жалғыз деген мағынаны білдіреді. Бұл басқатырғыш миды жаттықтыратыны жайлы деректер бар. Ойын алаңы 3×3 тор көзді шаршылардан тұратын 9×9 торлы шаршы. Бастапқыда кей торларда цифрлар тұрады. Ойын мақсаты: әр бағанда, әр жолда және әр 3×3 тор көзде 1-9 цифрлары бір рет қана кездесетіндей барлық бос орындарды толтыру керек. Судоку уақытты қызықты, пайдалы өткізуге таптырмас ойын; әрі бүгінгі күні қолжетімді (смартфон, компьютер). Күн сайын бір-екі судоку шешіп тұруға кеңес беремін
#ойын #кеңес