Get Mystery Box with random crypto!

Самостық Пифагор (еж.-грек. Πυθαγόρας ὁ Σάμιος, лат. Pythagora | IQM | Математика-физика

Самостық Пифагор (еж.-грек. Πυθαγόρας ὁ Σάμιος, лат. Pythagoras; 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі. «Философия» (пәлсапа) сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған.

Пифагордың дәйексөздері:
Азап көргенше ақиқаттың досы бол, бiрақ төзуге болмайтын жағдайға дейiн оның қорғаушысы болма.
Өткен күндегi бар iстерiңдi таразыламай, ұйқыға жатпа.
Бiлiм ақылды алмастыра алмайды.
Жағымды нәрсені пайдалының құнымен сатып алма.
Таңертең оянғанда өзіңе «Мен не істеуім керек?» деген, ал, жатарда «Мен не істедім?» деген сұрақ қой.
Жақсы заңың болғанша, жақсы әдет-ғұрпың болсын.
Бақыт деген екеудің сыбағасы.
Әзіл тұз секілді, оны мөлшерімен салу керек.
Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.
Парасатты қамқоршы ретінде тек ақылға ғана өз өміріңді сеніп тапсыр...
Ең алдымен өз қадіріңді жоғалтпа!
Сен туралы не ойласа да, сен әділетті деп санайтын ісіңді жасай бер.
#дәйексөз #математик