Get Mystery Box with random crypto!

Геометрияның планиметрия және стереометрия атты салаларын барл | IQM | Математика-физика

Геометрияның планиметрия және стереометрия атты салаларын барлығымыз жақсы білеміз. Ал топология дегенді естідіңіз бе?

Топология – үздіксіз деформация кезінде (созылу, сығылу) өзгермейтін(олар резеңкеден жасалған сияқты), желімдеуге, бөлуге болмайтын фигуралар мен денелердің қасиеттерін зерттейтін геометрияның ең жас бөлімі. Онда денелердің өлшемдері ескерілмейді.

Топологиялық көзқарас бойынша баранка(пончик:)) пен кружканың айырмасы жоқ. Бір бөлек резинканы сығу және созу арқылы осы денелердің бірінен келесісіне өтуге болады. Ал, баранка мен шар – әр түрлі объектілер: саңылау жасау үшін резинканы жырту немесе тесу керек. 
#қызықтыақпарат