Get Mystery Box with random crypto!

Натурал сандар – (лат. naturalis - «табиғи») табиғи санау кезі | IQM | Математика-физика

Натурал сандар – (лат. naturalis - «табиғи») табиғи санау кезінде қолданылатын сандар: 1, 2, 3,.... Натурал сандар шексіз көп, оларды оң әрі бүтін деп те санауға болады. Натурал сандарды анықтаудың екі тәсілі бар:
1) заттарды санау (нөмірлеу) арқылы;
2) заттардың мөлшерін белгілеу арқылы.
Осы жерде нөлді натурал сандар қатарына қосу не қоспау мәселесі туады. Бірақ барлығында ортақ пікір жоқ. Біздің елде дәстүрлі түрде ноль бұл жиынға жатпайды.
Функцияны қатарға жіктеу арқылы барлық натурал сандардың қосындысы -1/12 екенін көрсетуге болады, бірақ бұл мүлдем басқа тақырып:)
#сандар