Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысында таудың басынан құлаған адам іздестіріліп ж | Massaget NEWS

Түркістан облысында таудың басынан құлаған адам іздестіріліп жатыр.

3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шыққан. 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлап кеткен.

5 шілдеде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстарын жаяу жүру арқылы да, авиатехниканы тартумен де жүргізуге мүмкіндік болмаған.

6 шілдеде таңғы сағат 6.30-дан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан 4 альпинист іздеу жұмыстарына жіберілді.

t.me/massaget_news