Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыраны 1960 жылы 24 қаз | Massaget TANYM

Жаңа Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыраны 1960 жылы 24 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағында алғашқы сынаққа дайындық кезінде жарылған. Бұл апат "Неделин апаты" деп аталды. Ал, КСРО-да 30 жыл бойы аталмыш апат халықтан құпия сақталды.

Әлем жұртшылығын таң қалдыру мақсатында аяқталмаған құрлықаралық баллистикалық зымыранның алғашқы сынағы ұйымдастырылады.

Бұл істі Хрущев пен Брежнев жеке бақылайды. Р-16 жобасына сол полигонда жеке басшылық еткен Стратегиялық зымыран күштерінің бас қолбасшысы Митрофан Неделинге революция күніне дейін зымыранды ұшыру туралы нақты тапсырма беріледі.

Мерейтойға асығу қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуға әкеледі. Сынақ басталғанға дейін жарты сағат бұрын қозғалтқыштардың бірі автоматты түрде іске қосылады. Күшті діріл әсерінен жанармай цистерналары құлап, зымыран отыны жанады. Көп ұзамай өте күшті жарылыс болып, бірнеше жүз метрдегі барлық нәрсе жанып кетеді.

Өзге де КСРО жасырған апаттармен таныс болыңыз.

@massaget_kz