Get Mystery Box with random crypto!

Жұмыс істеу өнімділігін азайтатын 6 әдет Бәрімізде жұмысқа к | Massaget TANYM

Жұмыс істеу өнімділігін азайтатын 6 әдет

Бәрімізде жұмысқа кедергі келтіретін қажетсіз  әдеттер бар. Олар энергетикалық тонус пен іскерлік ептілікті төмендетеді.

Осы тұрғыда пайдасыз әдеттер тізімін назарыңызға ұсынамыз.

Үнемі ұялы телефонды тексеру
Мұндай әдеттің себебі — алаңдау мен уақытты созу. Бұл ойыңызды жинақтай алмай,жұмысыңызды тыңғылықты орындауға кедергі келтіреді. Сондықтан маңызды шаруа алдында ұялы телефонды сөндіріңіз немесе көзге көрінбейтін жерге қойыңыз.

Өте көп жұмыс істеу
Көпшілік адам өзіне бірдеңені дәлелдеу үшін мойнына көп  жауапкершілік алады. Артынан ештеңеге үлгермей, күйзеліске ұшырайды. Соның кесірінен оның өнімділігі азаяды.Сондықтан, міндетіңізге кірмейтін кей ұсыныстарға «жоқ» деп айтып үйреніңіз.

Ұйқының қанбауы
Кей адамдарға  күндіз аз уақыт ұйықтап алу шынымен де көмектеседі. Бірақ түнде шала ұйықтап, соның орнын күндіз толтырғыңыз келсе, ол керісінше өнімділікті төмендетіп, маңызды істерді кейінге қалдыруға итермелейді.
Түнгі ұйқының адам ағзасы үшін маңызы зор. Сондықтан ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырыңыз.

Жұмыс үстелін реттемеу
Жұмыс орныңыз шашылып тұрса, ол өнімділігіңіздің төмендеуіне ықпал етеді. Сол үшін күнде жұмыс басталарда немесе аяқталғанда уақыт бөліп, айналаңызды ретке келтіріп қойыңыз. Жұмыс жасайтын жерде тамақ ішпеуге тырысыңыз.

Дұрыс тамақтанбау
Түрлі қатаң диеталар адамның энергиясының азаюына ықпал етеді. Табиғи ерекшелігіңізге мән беріңіз. Егер сүтті өнімнен ішіңіз кепсе, ал қуырылған тамақтан соң ұйқыңыз келсе, тұжырым жасаңыз. Пайдалы тіскебасарлар (жемістер, жаңғақтар) жеңіз және көп су ішіңіз.
 
Өзіңізді басқалармен салыстыру
Өзіңізді басқамен салыстыра берсеңіз, күйзеліске түсесіз, жұмыс  өнімділігіңіз төмендейді. Керісінше біреудің жетістігінен мотивация алуды үйреніңіз. Әлеуметтік желіде басқалардың өмірін бақылауды қойып, жаңа қызығушылықтар табыңыз және оқуды тоқтатпаңыз.