Get Mystery Box with random crypto!

Он жылдан кейін неге өкінесіз? Бізге өмір бір рет қана беріл | Massaget TANYM

Он жылдан кейін неге өкінесіз?

Бізге өмір бір рет қана беріледі. Демек, жасаған кез келген таңдауымыз өте маңызды. Сондықтан он жылдан кейін неге өкінуіңіз мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Сіздің басқаларлардан мүлде айырмашылығыңыз жоқ.
Біз бәріміз жеке тұлғамыз, өзімізге тиесілі ерекше қасиеттерді қабылдау өмірімізді жеңілдетеді. Бірақ басқалар сияқты өмір сүруді таңдасаңыз, он жылдан кейін сіз:

Өзгелердің қалауын өз қалауыңыздан жоғары қойғаныңызға өкінесіз.

Алға ұмтылып өзіңізді дәлелдеудің орнына, көптің бірі болып қалғаныңызға өкінесіз.

Өзіңізге қателесуге, өсуге мүмкіндік берудің орнына ақымақ болып көрінуден қорқып, жаңа нәрселерден қашқаныңызға өкінесіз.
 
Кекішілсіз:
Бәріміздің өмірімізде өзгелерге қатты ренжіп тіпті кешіре алмайтын сәттер де болады. Егер сіз өкпе реніштерден бас тартпасаңыз, өмір бойы жаныңызға ауыртпалық алып жүресіз. Он жылдан кейін сіз:

Ішіңізді өртеген өшпенділікті ұмытудың орнына, сақтап қалғаныңызға өкінесіз.

Шешілмей қалған мәселелерге нүкте қоюдың орнына біреуді кінәлау үшін уақытыңызды текке кетіргеніңізге өкінесіз.

Денеңізге мән бермейсіз:
Сіздің денеңіз - сіздің ғибадатханаңыз, ал салауатты өмір салтынан бас тарту болашақта физикалық және психикалық зиян келтіреді. Он жылдан кейін сіз:

Дене бітіміңізге көңіліңіз толмай, уақытылы жаттығу жасамағаныңызға өкінесіз.

Артық қимылдан денеңіз ауырсынып, шымырлығыңызды жоғалтып алғаныңызға өкінесіз.
 
Өз қаражатыңыздың маңызын елемейсіз:
Жастайыңыздан ақшаны оңды-солды шашсаңыз болашақта қаржылық тәуелділікке тап боласыз.

Сіз табыс әкелетін жаңа дағдыларды үйренудің орнына қажет емес нәрсеге уақыт жоғалтқаныңызға өкінесіз.
Болашағыңызға инвестиция жасамағаныңызға өкінесіз.
 
Жаңа нәрсе үйренуді тоқтаттыңыз:
Оқу тек мектеппен не жоғары оқу орнымен шектелмейді. Егер жаңа нәрсе үйренуден бас тартсаңыз, онда он жылдан кейін сіз:

Курстармен, кітаптармен құндылық қосудың орнына барлық мүмкіндіктеріңізді жіберіп алғаныңызға өкінесіз.
өз ойлау көкжиегіңізді кеңейтпей, жаңа тіл үйренбегеніңізге өкінесіз.
Мансабыңызды жақсарту үшін дағдыларыңыз бен қабілеттеріңізді дамытпағаныңызға өкінесіз.

Ал сіз болашақта өкінбеудің амалын жасап жатырсыз ба?