Get Mystery Box with random crypto!

Нобель сыйлығын ала алмаған атақты адамдар #1 Нобель комите | Massaget TANYM

Нобель сыйлығын ала алмаған атақты адамдар #1

Нобель комитетінің шешімдері кейде  бітпейтін дау туғызады. Соның ішінде ең алдымен тілге алатынымыз марапаттың орыс жазушысы Толстойға берлімеуі.

Нобель сыйлығынан өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде бас тартқандар да болды. Осы орайда массагет порталы бұл сыйлыққа басқаларға қарағанда көп үміткер болған, бірақ қалаған марапатына қол жеткізе алмаған атақты адамдар туралы мәлімттерді ұсынады

Махатма Ганди 5 рет ұсынылды

ХХ ғасырдың ең ықпалды және даулы саясаткерлерінің бірі – Махатма Ганди бес рет Нобель сыйлығына ұсынылды. Осы уақытқа дейін жеккөрушілік пен қантөгісті азайту үшін Гандиден көп еңбек еткен адамды табу қиын болғанымен, ол бұл марапатқа лайықты деп табылған жоқ.

Марк Твен 9 рет ұсынылды

Марк Твен Нобель сахнасындағы сәтсіздіктерге ерекше көзқараспен қарады. Ол үшін марапаттан гөрі оқырмандардың мойындауы маңызды болды.

Гилберт Льюис 30-дан астам рет ұсынылды

1912 жылы америкалық физик-химик алғаш рет өздігінен химиялық байланыстың электронды теориясын ұсынды және дамытты. Ол химиялық термодинамика, фотохимия және ядролық физика салаларында көптеген тәжірибелер жүргізді.
Осы еңбектері үшін Нобель комитеті оны үміткерлер тізіміне енгізді. Бірақ әр сыйлыққа ұсынылған сайын жүлдені ала алмады.

Зигмунд Фрейд 32 рет ұсынылды

Әйгілі австриялық психоналитик Зигмунд Фрейд 32 рет ұсынылғанына қарамастан, ол  сыйлықты ала алмаған танымал адамдар қатарында. Әр жолы Фрейд марапаттан бір қадам алыстайтын еді, себебі комиссия оның жұмысын үздік шығармалар қатарына қоспаған.

Арнольд Зоммерфельд 80-нен астам рет ұсынылды

Нобель сыйлығына ең сәтсіз үміткер – теоретикалық физик Арнольд Зоммерфельд. Бұл құрметті марапатқа ғалымның  өзі 81 рет  (кей деректерде 80-84) ұсынылған, бірақ ала алмаған. Ал, оның алты шәкірті осы сыйлыққа ие болған.

Нобельді алмауының бірнеше себептері бар. Біріншіден, бәсекелестер. Ол Эйнштейн, Планк, Франк және Бор сияқты ұлы физиктермен бір уақытта үміткер атанды. Екіншіден, Нобель комитетінің мүшелері оның стилі мен жұмыс бағытын ұнаматпады. Оны әсіресе қазылар алқасының мүшесі физика профессоры Карл Озейин қатты сынаған.