Get Mystery Box with random crypto!

Не себепті ұшақта сақтық үшін парашют берілмейді? 1) Ұшақ ең | Massaget TANYM

Не себепті ұшақта сақтық үшін парашют берілмейді?

1) Ұшақ ең қауіпсіз көліктің бірі. Статистика бойынша 11 миллион жағдайдың бірінде ғана ұшақ апатқа ұшырайды екен.

2) Ұшақ шамамен 10-12 км биіктікте 800-1000 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Мұндай жағдайда парашют мүлдем пайдасыз. Себебі, борттың сыртындағы температура минус 40 градустан минус 60-қа дейін жетеді. Оның үстіне оттегі сирек. Мұндай биіктіктен паршютпен секірген адам Жерге жетпей көз жұмады.

3) Апаттың көбі ұшақ қонып жатқанда немесе көкке енді көтерілген кезде болады. Мұндайда жолаушылар парашютпен секіріп үлгермейді.

4) Әуе апатында адамдар абдырап қалады, оларға парашютпен секіру үшін есікке дейін белгілі бір тәртіппен, кезекпен жеткізу мүмкін емес.

5) 100-500 парашютті алып жүру өте қиын. Ұшаққа оны тиеуге тура келетіндіктен, жолаушылардың жүгін орналастыруға орын қалмайды. Сонымен қатар бұл әуе билеттерінің қымбаттауына әсер етеді, өйткені парашют қымбат тұрады.

@massaget_kz