Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда полиция көлігі әйелді қағып кетті Алматыда полиция а | Мәссаған... масқара!!!

Алматыда полиция көлігі әйелді қағып кетті

Алматыда полиция автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, азаматша оқиға орнында көз жұмды.

Полиция қызметкерінің жаяу жүргіншіні қағып кету туралы ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

"Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды", — делінген департамент хабарламасында.

Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: zakon.kz

@massagan_maskara