Get Mystery Box with random crypto!

МЕНІҢ КОПИЯМДЫ ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР Әр нәрсенің өз уақыты бар. 20 | Манарбек Мергенгалиев

МЕНІҢ КОПИЯМДЫ ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР

Әр нәрсенің өз уақыты бар. 2018 жылдың қазан айында @business_milady - мен енді танысқан едім Уже 3 жыл уақыт өтіп кетіпті.

2019 жылы @business_milady екеуміз алғашқы курсымызды ұйымдастырып, кітап жазып, күннің 30 градус ыстығында баспахана іздеп, күнге күйіп, бизнес жасап жүрген едік. Қандай нәтиже болатыны белгісіз, бірақ тоқтамай әрекет жасай бердік

Ойымызға қандай идея келеді, бірден іс-жүзінде жасап көруге ұмтылатын едік. Сәтті болама? Сәтсіз бола ма? Ол бізге маңызды емес еді Ең бастысы тәжірибе жинап, сабақ алу.

2020 жылдың наурыз айында ешқандай таныс, туыс, дос, бізді күтіп тұрған адам жоқ болса да, қорқынышымызға қарсы жүріп, Қазақстанның ең үлкен қаласы - Алматыға ұшып келдік

Танымайтын қалада бір ғана приложение 2GIS-тің құдіретімен жүрдік

Квартира тауып береді деп агентстваға жүгініп 15 000 тг ақшамызды бердік, бірақ олар алаяқтар болып шықты.

150 000 тг-ге іші лас, болмайтын квартираны қаланың ортасы деп арендаға алдық

2020 жылы үйленіп, бір жыл Алматыда тұрып ненің не екенін білдік. Осылайша біршама тәжірибе жинап, Алматының өміріне де үйрендік.

2021 жылы @m_nurtaza ұлымыз дүниеге келіп, қазір 3-міз болып бизнес жасап, Алматының қызығы мен қиындығы мол өмірін сүрудеміз

Өз өзімізді қайрап, дамытып, әр кедергінің шешімін тауып шыңдалудамыз

Тек жақсы ой мен сөз, ниет пен әрекет бізді алға жетелеуде

Ендігі мақсатымыз отбасымызбен шет ел аралап, бұрын көрмеген керемет өмірді көріп, ой-өрімізді кеңейту. Осы кезге дейін жетуімізге көмектескен Алла Тағала, ары қарай да бізге көмектесіп, жолымызды ашарына сенімім мол

Мені бір ғана ой мазалайды: неге адамдар өз қалаған өміріп сүріп, қорқыныштарын жеңе алмайды?

Осы сұрақтың жауабын білсеңіз, комментарийге жазыңыз