Get Mystery Box with random crypto!

2021 жылы ҚАЗАҚСТАНДЫ АРАЛАП 13 РЕТ САМОЛЕТПЕН ҰШЫППЫН 2018 | Манарбек Мергенгалиев

2021 жылы ҚАЗАҚСТАНДЫ АРАЛАП 13 РЕТ САМОЛЕТПЕН ҰШЫППЫН

2018 жылы бизнес, Интернет Маркетинг саласына енді келген кезде… Өмірімде бұндай чудолар өте тез арада болады деп ойламаппын

Аллаға деген сенім, үздіксіз даму, алған білімді практикада қолдану және де тоқтамай, қандай кедергі болмасын, оларды шешіп немесе аттап өтіп алға қарай ұмтылу - жетістікке жеткізіп, адамның өмірінде чудолар жасайды екен

Ахметбек Нұрсила мырзаның керемет сөзі бар: “Саған көмектесетін, проблемаңды шешіп беретін, қолдау білдіретін, сенетін адамың болмаса - сен бақытты адамсың” - дейді!

Себебі, барлық жауапкершілікті өзіңе алып, өзіңе сеніп қана әрекет жасайсың. Біреу келіп қашан көмектеседі екен деп күтіп отырмайсың. Аласың да, жасайсың. Болды. Осы кезде өз өзіңе деген сенімділігің артып, мықты боласың. Өмірден өте көп тәжірибелер жинап, ненің не екенін түсінесің.

Абай атамыз айтқандай:
“Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қайратың екі жақтап” - деген сөздерді көкейіңде ұстайсың

Егер сізге көмектесетін, қолдау білдіретін адамыңыз болмаса - қуаныңыз. Ешкімнен ештеңе күтпей әрекет жасап, білім алыңыз, дамыңыз, жетіліңіз! Сиқырлы таяқ іздемеңіз. Оңай болады деп күтпеңіз. Алыңыз да жасаңыз!

Егер менің сөздеріме келіссеңіз, комментарийге келісемін деп жазыңыз