Get Mystery Box with random crypto!

Қандай бизнес ашқан дұрыс? Бұл сұрақ негізінен дұрыс қойылма | Манарбек Мергенгалиев

Қандай бизнес ашқан дұрыс?

Бұл сұрақ негізінен дұрыс қойылмаған. Бизнес деген аяқ киім таңдау емес. Мына бизнестің пайдасы жақсы, ал мына бизнеспен достарыңа мақтана аласың, ал мынауын әйеліме беріп қоямын. Көп адам осылай ойлайды ғой деймін.

Қандай бизнес ашқан дұрыс деп сұрайтын адам бизнестің түрлерінің ішінен таңдауға тырысады.

Ал бизнес деген таңдауға келмейді. Сіз бизнесті жасай аласыз немесе жасай алмайсыз. Дұрыс бизнес деген ұғым жоқ.

Кез-келген кәсіпкер өзінің бизнесін ең жақсы деп санайды. Ресторатор үшін ең дұрысы ресторан ашу. Саудагер үшін дүкен ашу. Әркімдікі өзіне.

Сондықтан «Қандай бизнес ашқан дұрыс» деп емес, «Менің қолымнан қандай бизнес келеді?» деп сұрау қажет.

#кәсіпкерлертобы #кәсіпбастау #кәсіп #табыс #бизнес #кәсіпкер #бизнесблог #қазақшаблог #бизнесбастау #қазақ #қазақшабизнес