Get Mystery Box with random crypto!

ӨЗ ДАУСЫМ, ӨЗІМЕ ҰНАМАЙДЫ WhatsApp-пен басқа адамдарға аудио | Манарбек Мергенгалиев

ӨЗ ДАУСЫМ, ӨЗІМЕ ҰНАМАЙДЫ

WhatsApp-пен басқа адамдарға аудио хабарлама жіберемін, одан кейін жіберген хабарламаны өзім қайтадан тыңдағым келмейді

Ойымды адамдарға еркін жеткізе алмай қаламын ба деп қорқамын

Мен адамдарға өзіңді әлеуметтік желіде неге дамытпайсың десем, жоғарыда жазылған проблемаларды айтады. Өзінің даусы, түрі, іс-әрекеті мен басқа адамдар не ойлап қалады деген ойы...

Оның алға жылжуына кедергі жасайды

Мен де 7-8 жыл бұрын жай ғана қыздың қолынан ұстауға ұялып, ортада өзімнің ойымды еркін жеткізе алмай, қызарып кететінмін. Қорқыныш өте басым болды. Одан кейін көңіл күйім түсіп, ештеңе жасағым келмей, қолды бір сілтейтінмін.

Дәл қазір көптеген адамдарда осындай проблема бар. Белгілі бір саланың мықты маманы бола тұра, әлеуметтік желіде өзінің ойымен, тәжірибесімен бөліспейді. Менің ойым, білімім кімге керек деп шешім қабылдап тастайды. Қаншама адамға көмектесетін мүмкіндігі бар, бірақ ойымды еркін жеткізіп, түсіндіре алмай қаламын ба деп қорқады.

Бір сөзбен айтсақ: барлығын бірден идеально жасағысы келеді

ЕСКЕРІҢІЗ: Барлығы бірден идеально болмайды

Өз даусы өзіне ұнамайтын, ойымды еркін жеткізе алмай қаламын ба деп қорқатын, әдемі дауыстың иесі болғысы келетін жандарға арнап

Әдемі дауыс жасаудың техникаларын 5 жыл меңгеріп, қаншама адамға дауыстарын жөндеуге көмектескен, өз саласының нағыз маманымен бірге

"ӨЗ ДАУСЫҢДЫ ӨЗІҢ ЖАҚСЫ КӨР ДЕ, ОЙЫҢДЫ ЕРКІН ЖЕТКІЗІП ҮЙРЕН" атты ТЕГІН тікелей эфир өткіземін

Эфир 30 қыркүйек 22:30-да http://instagram.com/manarbek_blog осы жеке парақшада болады

Қатысамын десеңіз комментарийге белгісін қойып кетіңіз!

Өз даусыңызды өзіңіз жақсы көріп, ойыңызды еркін жеткізіп үйрену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

ЕСКЕРТУ: ЭФИР САҚТАЛМАЙДЫ

#дауыс #дауысқою #оратор #ораторболу #ораторлықшеберлік #әдемідауыс