Get Mystery Box with random crypto!

“Е” ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРЫ ⠀ Ұлы ғұлама Суфиян әс-Саури (Алла рақы | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

“Е” ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРЫ

Ұлы ғұлама Суфиян әс-Саури (Алла рақым етсін) "адамның діндарлығы жеген асының мөлшерінде" дейді.

Тағы да бір кісі келіп: "Намазды бірінші сапта оқудың абзалдығы жайлы айтсаңыз"- дейді. Сонда ұлы табиғин:

"Бауырым, наныңды қандай жолмен табасың, соған көңіл бөл! Табысың халал болса, қай сапта тұрғың келсе, сонда намазыңды оқи бер, оның еш айыбы жоқ!" деп жауап берген екен....

Заманауи құрылғылар мен тағам өндірісінің қарқынды дамуы себепті қазіргі өнімдер сан алуан химиялық процестен өтеді әрі әзірлеу барысында құрамына түрлі ингредиенттерді қосады. Соның ішінде ең көп қолданысқа ие "Е" таңбалы қоспалар.

Е қоспаларды дайындау процесі түрлі химиялық жолмен жүзеге асады. Сондықтан діндар пенде тұтынғалы жатқан асының құрамында қандай ингредиенттер барына бір көз салып қойғаны жөн. Себебі, қоспалардың кейбірі таза, адал болса, кейбірі харам. Ал, алыну процесі белгісіз кей ингредиенттер күмәнді (мәшбух) саналады. Оны анықтау үшін тауар қаптамасындағы жазылған мәліметті мұқият оқып, Е ингредиенттерді тексеру қажет.

Осы орайда, Сіздерге ҚМДБ ХалалДаму бөлімінің білікті мамандары дайындаған "Е ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРЫ" кітапшасын ұсынамыз.

Кітапшада Е ингредиентіне қатысты толыққанды мәлімет беріліп, әр қоспаның шариғи статусы баяндалған.

Бұл кітапша дүкенде, супермаркетте тамақ алу кезінде сізге көп көмегін тигізері анық.