Get Mystery Box with random crypto!

Исламда бес парыз барын, барлығымыз білеміз! Десекте сол бес | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Исламда бес парыз барын, барлығымыз білеміз!

Десекте сол бес парызды ұстанатын адамдарды, алты топқа бөлуге болады екен.

1. ИМАН КЕЛТІРГЕН АДАМ.
Бұл адам Алланың ﷻ бар екеніне, Пайғамбарﷺ оның елшісі екеніне сенеді. Бірақ қалған төрт парызды орындамайды.

2.НАМАЗ ОҚУШЫЛАР.
Бұл топқа иман келтіріп, намаз оқитын бірақ ораза ұстағысы келмейтін немесе ауру себепті ұстай алмайтын адамдар жатады.

3.ОРАЗА ҰСТАУШЫЛАР.
Бұл топқа иман келтіріп, намаз оқитын және ораза ұстайтын адамдар жатады. Бірақ зекет беруге шамасы жетпейтін немесе шамасы жетсе де бергісі келмейтін немесе зекетті қалай беретінін білмейтін адамдар тобы жатады.

4.ЗЕКЕТ БЕРУШІЛЕР
Бұл топқа иман келтіріп, намаз оқитын, ораза ұстайтын, зекет беретін бірақ әлі қажылыққа баруды ниет етпеген немесе қажылық жасамаған адам кіреді.

5.ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАР.
Бұл топқа бес парызды толық өтейтін адамдарды жатқызуға болады.

6.ӨЗ ҚАЛАҒАНЫМЕН ЖҮРУШІ АДАМДАР.
Бұл топқа иман келтіргеннен кейін, қайсы амалды жақсы көрсе соны бірінші жасайтын адамдар кіреді. Қаласа ораза ұстайды немесе қажылық жасайды. Яғни өзіне ұнаған амалдан бастайды. Бұл топқа, исламды әлі дұрыс түсінбеген адамдар тобы жатады. Деген мен бұлда жақсы. Себебі осы бір парызды орындау арқылы, амалы Аллағаﷻ ұнап, ислам дінін дұрыс түсіну бақытын, нәсіп етуі мүмкін!

Мен осының үшінші тобына кіреді екенмін. (Иман келтіру+намаз+ораза) Зекет пен қажылық шамасы жететін адамдарға. Осы екеуіне шамам жетпей тұр.) Аллаһымﷻ бесеуінеде шамамыздың, күш-қуатымыздың жетуін нәсіп етсін.

Пайдалы болса бөлісіп, діни каналымыздың дамуына, үлес қосыңыздар.

Сіз қай топқа жатасыз?)

Canal:https://t.me/mufid_kz