Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша кітаптар

Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар Қ
Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар
Арна мекенжайы: @kzkitap
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 61.38K
Арнадан сипаттама

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 86

2021-08-15 07:54:28
Еркін Нұразхан - Өз елім менің – өзегім менің

Еліміз тəуелсіздігін алған жылдар ішінде жас мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі сан алуан оқиғаларға үн қосқан, қоғамымыздың қолы жеткен жақсылығына қуанып, кемшілігін түзетуге атсалысқан автордың бұл – азаматтық тұғырнамасы десек те болады.
Ұлтымыздың рухы жасымай, рухани дүниеміздің кедейленбеуін, мемлекеттік тіл мəртебесінің өз дəрежесінде қолданысқа түсуін, саяси-экономикалық дербестігіміздің нығая беруін назарда ұстайды. Сондай-ақ, танымал тұлғалармен құрған сұхбаттарында халқымыздың кешегісі мен бүгінгісі, болашағы хақында, күрмеуі күрделі мəселелер жөнінде пікір алысады, ой толғайды.
20.9K views04:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 16:31:33
Айгүл Аханбайқызы - Оқырман күткен əңгіме
 
«Оқырман күткен – əңгіме» – белгілі журналист Айгүл Аханбайқызының оқушы қауым назарына ұсынып отырған алғашқы жинағы. Жинаққа топтастырылған жазбалар тақырып жағынан бір-бірімен үндес. «Көп көңіліндегі кейіпкер» – белгілі қаламгердің оқушы қауым жылы қабылдаған шығармасындағы əдеби кейіпкердің өмірдегі прототипін іздеуге арналса, «Оқырман күткен əңгіме» мен «Қаламгер құпиясы» қазақтың қабырғалы ақын-жазушыларының шығармашылық əлемі хақында сыр шертеді. Шағын жазбалардың қай-қайсысынан да əдебиетке қызмет етіп келе жатқан алдыңғы буын ағалардың еңбегі мен туындылары туралы өзгеше ой айтуға ұмтылыс байқалады.
1.6K views13:31
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 13:39:42 Құрметті оқырмандар! Ағылшын тілінде сөйлеу қабылеттеріңізді көтергілеріңіз келсе, онда Сіздерді әр сенбі күні кешкі сағат 20.30 да өткізілетін Saturday speaking Club телеграмм арнасына қосылуға шақырамыз! Сабақ ағылшын мұғалімдерімен тегін өткізіледі. Арнаның негізін қалаушы Малика Батыр (@shero_kz Instagram). https://t.me/joinchat/-1iDn999D1ZkZWRi
Арнаның басты мақсаты - қазақ жастарына ағылшын тілін тегін үйренуге мүмкіндік жасау!
Қосылыңыздар, күтеміз!
1.8K views10:39
Ашу / Түсініктеме
2021-08-08 14:52:43
Зәкір Асабаев - Өмір өрнектері

Зәкір Асабаев журналистикадағы еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастап, «Сарыағаш» аудандық газетінде, одан соң ұзақ жылдар бойы «Мәдинет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») Журналында еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер қаламгер. Баспасөз саласында 56 жылдай еңбек еткен журналист. Ол «Ар соты» «Жарастық ұлдары» «Мубар ханым», «Шаңсорғыш-аю емес», «Жалғыз көзді балық», «Моэстро», «Жылдар сыры» кітаптары арқылы оқырманға етене таныс.
Бұл еңбекте автордың қазақ өнері мен тұрмыс – салты төңірегіндегі толғамдары, қоғамның көптеген өзекті мәселерін қаузаған мақалалары іріктеліп беріліп отыр.
Кітаптың журналистерге, көпшілік оқырман қауымға ой салары анық.
2.6K views11:52
Ашу / Түсініктеме