Get Mystery Box with random crypto!

UKIMET

Telegram арнасының логотипі kzgovernment — UKIMET U
Telegram арнасының логотипі kzgovernment — UKIMET
Арна мекенжайы: @kzgovernment
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.23K
Арнадан сипаттама

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК
🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 50

2022-04-22 15:06:20
​​ ҚР Премьер-Министрі БҚО-ның өнеркәсіптік әлеуетін белсенді түрде дамытуды тапсырды Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов облыстағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – Орал трансформатор зауытына барды. …
400 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 15:05:58 ​​ ҚР Премьер-Министрі БҚО-ның өнеркәсіптік әлеуетін белсенді түрде дамытуды тапсырды

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов облыстағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – Орал трансформатор зауытына барды.

Премьер-Министр кәсіпорынның жұмысымен танысып, отандық өнімдердің көрмесін аралады, сондай-ақ облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен әңгімелесті.

Ол бүгінде машина жасау саласы жыл сайын орта есеппен 18%-ға өсім көрсететін ең қарқынды дамып келе жатқан сала екенін атап өтті. Елімізде 3 300-ге жуық кәсіпорын бар, оларда 115 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қосалқы бөлшектерден бастап заманауи техникаларды құрастыруға дейін көптеген өнім түрі шығарылады.

«Дегенмен, салада импорттың үлесі экспорттан әлдеқайда жоғары. Олардың басым бөлігі – мұнай-газ машинасын жасау өнімі. Батыс өңірінің ерекшелігін ескерсек, бұл бағыттың әлеуеті зор, сондықтан әкімдік аталған саланы одан әрі дамытуы керек», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр Мемлекет басшысы отандық кәсіпорындар мен инвесторларға қолдау көрсетуді тапсырғанын айтты.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
443 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:42:05
​​ Халыққа нақты нәтиже керек — Әлихан Смайылов БҚО-ны кешенді дамыту жөнінде тапсырма берді Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесті…
386 views10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:41:43 ​​ Людям нужен конкретный результат — Алихан Смаилов дал поручения по комплексному развитию ЗКО

В рамках рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область Премьер-Министр РК Алихан Смаилов провел совещание по вопросам социально-экономического развития региона. Открывая совещание, Премьер-Министр в первую очередь остановился на одной из главных нерешенных проблем области.

«Вы знаете, что накануне Президент, прочитав статью «Күре жолдағы күрсініс» в газете «Egemen Qazaqstan», дал поручение мне и руководству области оперативно принять все необходимые меры по исправлению ситуации с состоянием дорог. Гали Нажмеденович, ровно год назад ваш заместитель, курирующий эту сферу, по поручению Президента был освобожден от занимаемой должности. Прошел год, но ничего не изменилось. Почему для качественного и быстрого решения проблем региона обязательно необходимо вмешательство Президента?», — обратился к акиму области Алихан Смаилов.

Со свой стороны аким области Гали Искалиев отметил, что основная причина неудовлетворительного состояния дорог связана с недостатком финансирования и влиянием пандемии. В прошлом году было отремонтировано 330 км дорог местного значения. Продолжается работа по ремонту автодороги, связывающей областной центр с Казталовским, Жанибекским и Бокейординским районами. В этом году на эти цели предусмотрено 15 млрд тг.

Алихан Смаилов поручил акиму области и министру индустрии и инфраструктурного развития обеспечить качественное и своевременное исполнение поручения Главы государства.

Также на совещании с докладами выступили министр индустрии и инфраструктурного развития Каирбек Ускенбаев, первый вице-министр энергетики Мурат Журебеков, первый вице-министр здравоохранения Марат Шоранов, первый вице-министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров, вице-министр национальной экономики Бауыржан Омарбеков и вице-министр финансов Данияр Жаналинов.

По итогам заседания Алихан Смаилов дал ряд поручений центральным госорганам:

Министерству индустрии совместно с акиматом — до конца года повысить уровень местных дорог в нормативном состоянии с нынешних 39% до 46%;

Министерству энергетики — рассмотреть возможность обеспечения ЗКО дополнительным объемом товарного газа по приемлемым для населения ценам;

проработать вопрос выделения средств из республиканского бюджета на реконструкцию Уральской ТЭЦ;

до 1 июля — проработать вопрос создания газохимического комплекса на территории области и обеспечения его сырьем;

совместно с министерствами финансов, национальной экономики и акиматом — проработать вопрос снижения износа электрических сетей региона.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
390 views10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:40:03 ​​ Халыққа нақты нәтиже керек — Әлихан Смайылов БҚО-ны кешенді дамыту жөнінде тапсырма берді

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңесті ашқан Премьер-Министр бірінші кезекте облыстың шешілмеген басты мәселелерінің біріне тоқталды.

«Кеше ғана Президент “Egemen Qazaqstan” газетіндегі Батыс Қазақстан облысының жолдарының жағдайына арналған “Күре жолдағы күрсініс” мақаласын оқып, маған және облыс басшылығына барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Ғали Нәжімеденұлы, осыдан тура бір жыл бұрын дәл осы салаға жауапты орынбасарыңыз Президенттің тапсырмасымен қызметінен босатылған еді. Бір жыл өтсе де, проблема әлі шешілмеген. Өңірдің проблемалары тез әрі тиімді шешілуі үшін үнемі Президент араласып, тапсырма беруі қажет пе?» — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде облыс әкімі Ғали Есқалиев жолдардың нашар жай-күйінің негізгі себебі қаржыландырудың жеткіліксіздігімен және пандемияның әсерімен байланысты екенін атап өтті. Өткен жылы жергілікті маңызы бар 330 шақырым жол жөнделді. Облыс орталығын Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен байланыстыратын автожолды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл бұл мақсатқа 15 млрд теңге қарастырылған.

Әлихан Смайылов облыс әкімі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы әрі уақытылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар кеңесте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдікпен бірлесіп, жыл соңына дейін жергілікті жолдардың нормативтік жағдайын қазіргі 39%-дан 46%-ға дейін көтеру;

Энергетика министрлігіне: Батыс Қазақстан облысын тұрғындар үшін қолайлы бағадағы тауарлық газдың қосымша көлемімен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру;

Орал жылу электр орталығын реконструкциялау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін пысықтау;

1 шілдеге дейін облыс аумағында газ-химия кешенін құру және оны шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау;

Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері және әкімдікпен бірлесіп, өңірдегі тозығы жеткен электр желілерін азайту мәселесін пысықтау тапсырылды.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
365 views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 12:10:16
​​ Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жолдарды…
555 views09:10
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 12:09:16 ​​ В рамках рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область глава Правительства посетил ряд промышленных предприятий, социальных и инфраструктурных объектов.

Накануне Президент РК Касым-Жомарт Токаев поручил Правительству и акимату Западно-Казахстанской области незамедлительно принять все необходимые меры по ремонту дорог в регионе.

«Состояние автомобильных дорог – один из наиболее проблемных вопросов Западно-Казахстанской области. В текущем году мы должны завершить основную часть этих работ. Данные проекты, начатые еще три года назад, не были завершены из-за недостатка финансирования. В этом году на реконструкцию автодорог предусмотрено 15 млрд тг. Но если технические возможности позволят ускорить темпы работ, можно будет выделить дополнительное финансирование. При уточнении бюджета мы специально заложили 6 млрд тг на реконструкцию автодороги «Подстепное – Федоровка – граница РФ». Компания «КазАвтоЖол» приступила к работам. Ремонт этой дороги нужно завершить в течение 2022-2025 годов», — сказал Алихан Смаилов.

Глава Правительства поручил акимату области совместно с Министерством индустрии и инфраструктурного развития держать этот вопрос на контроле и обеспечить эффективное освоение средств.

Кроме того, Премьер-Министр РК отметил, что в области отмечается большая очередность в детсады – свыше 11 тыс. человек. Имеется шесть аварийных и три трехсменные школы. Не выделены средства на госзаказ на допобразование. Акимату надо оперативно решать эти проблемы.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
469 viewsedited  09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 12:04:59 ​​ Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жолдарды жөндеу бойынша барлық қажетті шараларды дереу қабылдауды тапсырды.

«Күре жолдардың жағдайы – Батыс Қазақстан облысындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Биылғы жылы біз бұл жұмыстардың ауқымды бөлігін аяқтауымыз керек. Осыдан үш жыл бұрын басталған бұл жобалар қаржының жетіспеушілігінен бітпей қалды. Биыл жолдарды жөндеуге 15 млрд теңге көзделген, егер жұмыс қарқынын тездетуге техникалық жағдай мүмкіндік берсе, қосымша қаражат бөлуге болады. Бюджетті нақтылау кезінде біз “Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы” автомобиль жолына арнайы 6 млрд теңге қарастырдық. Жөндеу жұмыстарын 2022-2025 жылдары аяқтау қажет», – деді Әлихан Самйылов.

Үкімет басшысы облыс әкімдігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауда ұстап, қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі облыс балабақшаларында 11 мыңнан астам адам кезекте тұрғанын, алты апатты және үш ауысыммен оқытатын үш мектеп бар екенін атап өтті. Қосымша білім бойынша мемлекеттік тапсырысқа қаражат бөлінген жоқ. Әкімдік бұл проблемаларды жедел шешуі керек.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
488 viewsedited  09:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 09:57:57
Орал қаласында ҚР Премьер-Министрі үш ауысыммен оқытуды жою шаралары аясында іске қосылған 300 оқушыға арналған №18 мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніне барды.

В Уральске Премьер-Министр РК Алихан Смаилов посетил комплекс школа-ясли-сад №18 на 300 учащихся, который был запущен в рамках ликвидации трехсменного обучения.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
165 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 09:31:14
Үкімет басшысы барған алғашқы нысан 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді қосатын «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының учаскесі болды. Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресей Федерациясына транзиттік дәліз болып отыр.

Қазіргі уақытта трассаның жағдайы қанағаттанарлықсыз, аталған трассадан тәулік сайын Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы өтеді.

Глава Правительства в первую очередь посетил участок автодороги «Подстепное – Федоровка – граница РФ», которая соединяет 50 населенных пунктов, где проживает в общей сложности 94 тысячи человек. Дорога ведет до Карачаганакского месторождения, а также является транзитным коридором в Россию.

В настоящее время трасса находится в крайне неудовлетворительном состоянии, при этом ежесуточно по ней проезжают десятки тысяч граждан Казахстана и других стран.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
1.1K views06:31
Ашу / Түсініктеме