Get Mystery Box with random crypto!

UKIMET

Telegram арнасының логотипі kzgovernment — UKIMET U
Telegram арнасының логотипі kzgovernment — UKIMET
Арна мекенжайы: @kzgovernment
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.23K
Арнадан сипаттама

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК
🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 45

2022-04-29 15:29:34 ​​ Жұма, 29 сәуірде Бішкекте Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 10-отырысы өтті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы Үкіметаралық келіссөздерде тараптар сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Қырғыз тарапына жылы шыраймен қабылдағаны үшін алғыс білдіре отырып, Әлихан Смайылов Қырғызстан Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратын бауырлас мемлекет екенін атап өтті.

Қазақстан Үкіметінің басшысы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесіне ерекше тоқталды, ол қазірдің өзінде 1 млрд долларға жетіп отыр.

«Әлбетте, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз, екі елдің әлеуеті бұдан да жоғары деп есептеймін. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – өзара сауда деңгейін 2 млрд долларға дейін жеткізу», – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров екі халық арасындағы тарих пен мәдениеттің ортақтығына, өзара түсіністік пен сенімге негізделген достық және бауырластық байланыстар ортақ мақсат – халықтарымыздың гүлденуі мен әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар Үкіметаралық кеңестің 10-отырысының хаттамасына, сондай-ақ «GFC Bishkek» ЖШҚ құру туралы келісімге қол қойды.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
301 viewsedited  12:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 12:01:32
Проект Указа об образовании Абайской, Жетысуской, Улытауской областей внесен на рассмотрение Президента
К. К. Токаева


В рамках реализации поручения Главы государства создана правительственная комиссия, которой проведена масштабная работа.

При подготовке проекта Указа состоялся ряд публичных слушаний на уровне районных и областных маслихатов.

Также прошло заседание республиканской ономастической комиссии, которой поддержано предложение о присвоении новым областям наименований.

В сельских населенных округах были организованы сходы жителей с местными представительными органами.

Инициатива Президента РК нашла поддержку среди населения, общественности, депутатов районных и областных уровней рассматриваемых регионов.

С учетом мнений и предложений определены границы реорганизуемых и вновь образуемых регионов.

Постановлением Правительства внесен на рассмотрение Президента РК соответствующий проект Указа.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
764 viewsedited  09:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 12:00:34
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президент Қ. К. Тоқаевтың қарауына енгізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті.

Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

ҚР Президентінің бастамасы жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.

Үкімет қаулысымен ҚР Президентінің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
47 views09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:59:08 ​​ Премьер-Министр РК Алихан Смаилов провел совещание по вопросам дальнейшего развития машиностроения.

В сфере машиностроения функционируют порядка 3 тысяч предприятий, заняты 115 тысяч человек. В общем объеме производства обрабатывающей промышленности (16,8 трлн тенге) машиностроение занимает 14%.

Одним из наиболее крупных секторов отрасли является автомобилестроение – 33,1%. В ближайшие годы планируется расширить модельный ряд автомобилей, собираемых в стране, а также наладить производство автокомпонентов (бампера, сиденья, автомобильные стекла, пластиковые детали, шины и т.д.).

В ходе совещания были озвучены и проблемные вопросы отрасли. Так, на сегодняшний день в Казахстане отсутствуют аккредитованные лаборатории в сферах ж/д и электротехнического машиностроения, требуется разработка национального стандарта по кабельно-проводниковой продукции.

Кроме того, в сфере выпуска сельхозтехники необходимо наладить кооперацию между предприятиями для создания полной цепочки производства, а по закупкам недропользователей – принять меры для увеличения внутристрановой ценности.

При этом было отмечено, что отрасль в целом имеет значительный потенциал роста за счет импортозамещения, в связи с чем в рамках соответствующей программы намечена реализация более 20 проектов.

В качестве дополнительных мер развития машиностроения планируется провести работу по созданию базовых производств (снижение импорта стали) и обеспечению действующих предприятий сырьем. Также в планах расширить финансирование Фонда развития промышленности.

Премьер-Министр РК поручил проработать все озвученные предложения, чтобы в сжатые сроки по каждому вопросу выработать необходимые решения.

«Машиностроение является динамично развивающимся сектором экономики. Потенциал огромный и в части импортозамещения, и в части экспорта, особенно на региональные рынки. В этой связи мы должны поддержать динамичное развитие этой отрасли и реализовать необходимые меры поддержки», — сказал Алихан Смаилов.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
88 views03:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:58:22 ​​ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Машина жасау саласында 3 мыңға жуық кәсіпорын бар, 115 мың адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде (16,8 трлн теңге) машина жасауға 14%-ы тиесілі.

Саланың ең ірі секторларының бірі — автомобиль жасау – 33,1%. Алдағы жылдары елімізде құрастырылатын автомобильдердің модельдік қатарын кеңейту, сондай-ақ автокомпоненттер (бамперлер, орындықтар, автомобиль шынысы, пластиктен жасалған бөлшектер, шиналар, т. б) өндірісін ретке келтіру жоспарланып отыр.

Кеңес барысында саланың өзекті мәселелері де қаралды. Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстанда т/ж және электротехникалық машина жасау салаларында аккредиттелген зертханалар жоқ, сонымен қатар кабельдік-өткізгіш өнімдер бойынша ұлттық стандартты әзірлеу қажет.

Бұған қоса, ауыл шаруашылығы техникасын шығару саласында өндірістің толық тізбегін құру үшін кәсіпорындар арасындағы кооперацияны реттеген жөн, ал жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процесі бойынша ел ішіндегі құндылығын арттыру үшін шаралар қабылдау қажет.

Сонымен қатар саланың импортты алмастыру есебінен айтарлықтай өсуге әлеуеті бар екені атап өтілді, сол себепті тиісті бағдарлама шеңберінде 20-дан астам жобаны іске асыру көзделген.

Машина жасауды дамытудың қосымша шаралары ретінде базалық өндірістер құру (болат импортын азайту) және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыруды кеңейту жоспарланып отыр.

ҚР Премьер-Министрі қысқа мерзімде әрбір мәселе бойынша қажетті шараларды дайындау үшін барлық айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

«Машина жасау саласы – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторы. Импортты алмастыру, әсіресе, аймақтық нарықтарға экспортты кеңейтуде орасан зор әлеует бар. Осы орайда біз аталған саланың серпінді дамуына жағдай жасап, қажетті қолдау шараларын іске асыруға тиіспіз», — деді Әлихан Смайылов.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
105 views03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:35:02 Алихан Смаилов провел переговоры с вице-президентом ЕБРР Аланом Пию

Премьер-Министр РК Алихан Смаилов в режиме видеоконференцсвязи провел переговоры с вице-президентом ЕБРР по банковским операциям Аланом Пию.

В ходе онлайн-встречи стороны обсудили текущую ситуацию в Казахстане и краткосрочный план действий Правительства РК в отношении банковского сектора.

Премьер-Министр РК проинформировал о мерах, которые реализовал Национальный банк и Агентство по регулированию и развитию финансового рынка для поддержания доверия к тенге и обеспечения финансовой стабильности.

Было отмечено, что банковский сектор Казахстана располагает существенным запасом капитала, что позволяет банкам сохранять устойчивость, несмотря на негативные факторы. Так, с начала текущего года совокупные активы банков выросли на 148 млрд тг (0,4%) до показателя 37,8 трлн тг. Собственный капитал вырос на 96 млрд тг (2,1%) и составил 4,6 трлн тг.

По итогам встречи стороны договорились продолжить активное взаимодействие по реализуемым проектам и другим направлениям сотрудничества.

Справочно: Европейский банк реконструкции и развития является международной финансовой организацией, созданной в 1991 году, которая финансирует проекты в странах от Центральной Европы до Центральной Азии, а также в странах Южного и Восточного Средиземноморья.

По линии Казахстана в 2021 году ЕБРР инвестировал 558 млн евро в 18 проектов, из которых около 40% связаны с переходом к зеленой экономике.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
347 views03:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:30:47
Әлихан Смайылов ЕҚДБ вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде ЕҚДБ банктік операциялар жөніндегі вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді. Онлайн-кездесу барысында тараптар…
351 views03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 06:30:23 Әлихан Смайылов ЕҚДБ вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде ЕҚДБ банктік операциялар жөніндегі вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді.

Онлайн-кездесу барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі жағдайды және ҚР Үкіметінің банк секторына қатысты қысқа мерзімді іс-қимыл жоспарын талқылады.

ҚР Премьер-Министрі теңгеге деген сенімді сақтау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүзеге асырған шаралар туралы айтып берді.

Қазақстанның банк секторының елеулі капитал қоры бар екендігі атап өтілді, бұл теріс факторларға қарамастан банктерге тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, осы жылдың басынан бері банктердің жиынтық активтері 148 млрд теңгеге (0,4%) 37,8 трлн теңге көрсеткішіне дейін өсті. Меншікті капитал 96 млрд теңгеге (2,1%) өсіп, 4,6 трлн теңгені құрады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іске асырылып жатқан жобалар мен ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Анықтама: Еуропа қайта құру және даму банкі – 1991 жылы құрылған, Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі елдердегі, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі жобаларды қаржыландыратын халықаралық қаржы ұйымы.

Қазақстан бойынша 2021 жылы ЕҚДБ 18 жобаға 558 млн еуро инвестиция салды, оның 40%-ға жуығы жасыл экономикаға көшуге байланысты.


#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
374 views03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 14:26:37
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Премьер-Министр РК Алихан Смаилов провел совещание по вопросам дальнейшего развития машиностроения.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
655 views11:26
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 10:24:27
Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚХА-дан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлауда дауыс берді.

Премьер-Министр Алихан Смаилов проголосовал на выборах депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан, избираемого от АНК.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
354 views07:24
Ашу / Түсініктеме