Get Mystery Box with random crypto!

Байығың келе ме? ⠀ Әрине, рахат өмір кімді қызықтырмасын. Кәшө | О, Идея 🙇

Байығың келе ме?

Әрине, рахат өмір кімді қызықтырмасын. Кәшөлегімізді томпайтып алып, керегіңе оңды солды шашып жүргенге не жетсін, шіркін!

Ол үшін не істеу керек?

Ойды, сонан соң әрекетті дұрыстау керек. Қалай?

1. Табысты арттырудың жолдарын қарастыр.
2. Неге тәуекел ете алмай жүрсің, соған алғашқы қадамыңды жаса.

Мысалы, нені жақсы, қатырып жасайсың?

Әйел-қыздар: әдемілеп қамыр жаясың; сықитып үй жинайсың; баланы әу дегенше ұйықтатып тастайсың; ескі шторды әп сәтте өзгерте саласың.

Ер жігіттер: мәшиненің даусынан «диагнозын» тап басасың; бұзылған үтік көрсең, шашып жинағың кеп тұрады; малдың көзіне қарап, қалауын таба аласың; бау-бақшаң қаздай тізіліп тұрса.

Міне табыс. Қолыңнан келетін дүниемен айналыс дейтіні сол. Көп ақша аспанға қарап отыра бергенмен келмейді. Әр нәрсеге дұрыс фокус беру керек.

Біздікілер акиматта шықиып отырады. Айлығы шайлығынан ауыспайды. Ол не престиж? Оның орнына қолың бос кезде жүрегіңе жақын іспен айналыс. Әрі табыс, әрі рахат. Жаның жадырайды. Эйфория. Кайф.

Жұрттың нұсқағанын емес, өз қалауыңмен жүр.

Әрине, оңай болмас. Сонда да, көрші.