Get Mystery Box with random crypto!

- Болғаны осы ғана ма? – дедім мен.- Тапқан ақшамның бəрі де, | О, Идея 🙇

- Болғаны осы ғана ма? – дедім мен.- Тапқан ақшамның бəрі де, онсыз да менікі емес пе?
- Тіпті де олай емес, айналайын, - қарсыласты Алғамыс. – Тігіншіге
төлемейсің бе? Ал етікшіге шапата тіккені үшін ше? Ал, ішкен асыңа кім төлейді? Бабылда шығынсыз тіршілік етпейсің ғой. тСоңғы айда тапқан ақшаның қаншасын осылайша шығындадың? Ал, жыл бойына?
Ақымақсың! Сен өзіңнен басқаның бəріне төлейсің ғой. Осылай тапқан
ақшаң басқаларға кетіп жатыр . Ендеше, солай жалғастыра бер –
құлқынның құлы болып, қожайынның ас пен киімге берген пұлымен шектеліп. Егер де сен тапқан ақшаның оннан бір бөлігін өзіңе қалдырып
отырсаң, он жыл ішінде қанша жинар едің?

Мені есептен алған сабағым ұялтқан жоқ, жылдам жауап бердім:
- Бір жылда тапқан табысқа тең болар еді.
- Бұл дұрыс жауаптың бір бөлігі ғана,- деп ол қарсылығын тағы
білдірді. - Сен жинаған əрбір алтын бақыр, сенің құлың болады да, саған жұмыс істей бастайды.Ол əкелетін əрбір жез бақыр сенің құлыңның ұлы
ретінде саған тағы еселей жұмыс істеуге кіріседі. Егер де байып кетіп
жатсаң, жинағыңның бəрі саған қосыла жұмыстану арқылы сені ғұмыр бойы тілеген байлыққа кенелтеді. Сен мені түнгі жұмысың үшін алдадым деп есептейсің бе? Шын мəнінде, мен саған мың есе көп ақы төледім, егер де сен менің ашқан
құпиямды ұға алсаң.
Сен тапқан ақшаның бір бөлігі ғана саған тиесілі. Бұл бөлік табыс
мөлшеріне қарамастан, кемінде оннан бір бөлігін құрауы керек. Əрине, одан
да көп бөлігін өзіңе арнауға болады, егер де сенің жағдайың оны көтерсе.

Табыс тапқан күні ең алдымен өзіңмен есептескен жөн. Тігіншіге де, етікшіге де өзіңнен қалғанымен ғана есептесуге дағдылан.

Соның ішінен,
асқа да, садақаға да, қайырымдылыққа да қалдыруды ұмытпа.

Байлық титтей тұқымнан жайқалатын ағаш секілді. Өзің үшін сақтаған
алғашқы жез бақыр, кейін өсіп шығатын байлық ағашының тұқымы
болмақ. Неғұрлым сол тұқымды тезірек ексең, соғұрлым тезірек байлық
ағашы көгеріп шығады.
Ыждағатпен жинақтау арқылы неғұрлым оның топырағын
тыңайтып, суарған сайын, оны көлеңкелеп, рахатына соғұрлым тезірек
бөленесің.

«Ежелгі Бабылдағы бай адам» кітабынан