Get Mystery Box with random crypto!

نور على نور

Telegram арнасының логотипі kuranzhattau — نور على نور ن
Telegram арнасының логотипі kuranzhattau — نور على نور
Арна мекенжайы: @kuranzhattau
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.19K

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2023-05-02 12:42:06 Ұмытылған сүннетті амалдың бірі – аспанға ұзақ қарау. Ал түн болса жұлдызға қарап ой жүргізу.

Шейх Әдһәм (хафизаһулла)
409 views09:42
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 12:16:41 اللّٰهُمّ انْفعْنِي بالقرآن
‏اللّٰهُمّ ار
ْفعْنِي بالقرآن
‏اللّٰهُمّ علِّمْنِي القرآن .
459 views09:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 07:18:04
рубежка аптасы басталды
көзді ашып-жұмғанша бұл курстыңда соңына кеп қалыппыз:)
461 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 03:01:54
Біз балаларымызды қалай тәрбиелейміз

Балаңыздың көзінше не істесеңіз, бала соны қайталайды.

Сол үшін балаңыздың көзінше Құран оқыңыз, әсем дауыспен, бір мақаммен. Сонда балаңыз дәл солай жасайды.

Мысалы менің балам (үшке әлі толмады) күніге "әкетай, Құран" деп біз оның өзіне сыйлаған Құранын сұрайды.

Біз алдымен Құран жәй кітап емес екенін, оған құрмет көрсету керектігін түсіндіреміз, көрсетеміз. Бала соны түсініп, оған да құрмет көрсетеді.

Біз көзінше дауыстап Құран оқимыз, бала да солай дауыстап мақамға салып әндетіп оқиды. Ол біледі Құранның ерекше кітап екенін.

Қызым да (екіге толмаған) дәл солай қайталайды.

Ең бастысы балаға тынышталу үшін телефон бермеңіз. Бір жерге барғанда шуламасын, маза алмасын деп басқалар сияқты телефонды қолына ұстатпаймыз. Тамақ ішкен кезде олар міндетті түрде мазасыз болады, бір орында отырмайды. Алайда біз жұбайым екеуміз кезектесіп тамақты ішіп, кезектесіп балаға қараймыз. Олардың телефонға тәуелді болғанын қаламаймыз.

Үйден телевизорды алып тастап, планшеттен қазақ тілінде мультфильмді күніге бір рет қана, бір сағатқа қоямыз. Бір сағат біткен соң, "болды, сендер бүгін көп көрдіңідер" деп өшіреміз де ойнаңдар деп айтамыз.

Толып тұрған ойыншықтардың жартысын тығып, жартысын береміз. Бір ойыншықтардан жалыққан кезде, тыққан ойыншықтарды шығарамыз. Осылайша баланың тәрбиесіне барынша көңіл аударамыз.

Идеалды емеспіз, кемшілігіз көп. Бірақ ең бастысы сол кемшіліктерді ортаға салып талқылау. Бірге түзелуге тырысу.

Және де ең маңыздысы: Біз үйде тек қазақ тілінде сөйлесеміз. Менің балаларымның ең алдымен өз ана тілдерінде жақсы сөйлеп, ана тілдерінде ойланғанын қалаймын. Сол нәрсе қалыптасқан соң ғана, басқа тілді үйретеміз.
429 views00:01
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 21:55:23 Аллаһ Тағала ешкімге тозақты қаламайды,адам өзі қаламайынша..

Ұстаз Ерлан Ақатаев.
479 views18:55
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 10:25:53 Жүрегіңді қызған.Жүрекке де әркімді кіргізіп қоюдан қызған.

Аманаттың не екенін және сенің құныңды білетін адам үшін жүрегіңді сақта.Жүрегінде дерті мен тәтті сөзінің дым салмағы жоқ адамның сөзіне құр алданып қалудан сақтан.

Раббыңа тапсыр.Асылында жүрегіңде орын алуға ең лайықты болған Раббың ғана..
667 views07:25
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 08:41:23 Жақсы әйел кездессе, оның бағасын білу,сыйлай білу нағыз еркектің ғана қолынан келеді.

Орхан Памуктың сөзі.
942 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 06:29:10 Ей, ерлер қауымы!
Егер де қыздар ашық киініп Алла алдындағы міндеттерін атқармаса да, жоқ дегенде сендер көздеріңді күнәдан сақтап Алла алдындағы міндеттеріңді атқарыңдар!

Мысырдағы жұма мінберіндегі имамның сөзі...
1.0K views03:29
Ашу / Түсініктеме
2023-04-30 21:57:42 Шәууәл айының 6 күн оразасын ұстамағандарға:

Ертең Шәууәлдің 11-і – Дүйсенбі

Сәрсенбі–Бейсенбі–Жұма айдың ақ күндері (13-14-15). Ал ақ күндері ораза ұстаз мұстахап.

Осылайша ертеңнен бастап сенбіге дейін ораза ұстаған адамның оразасы мұстахап күндерге түседі.

Пайдаланып қалыңыздар.

Ал үстап қойғандар болса, ақ күндері нәпіл ұстаса болады.
438 views18:57
Ашу / Түсініктеме
2023-04-30 18:48:50
Аллаһу Субханаһу уә Тә’әәлә ешкімді ұмытпайды және бұл сенің жүрегіңді тынышталдыру үшін жеткілікті..
582 views15:48
Ашу / Түсініктеме