Get Mystery Box with random crypto!

نور على نور

Telegram арнасының логотипі kuranzhattau — نور على نور ن
Telegram арнасының логотипі kuranzhattau — نور على نور
Арна мекенжайы: @kuranzhattau
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.19K

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 111

2022-04-19 15:40:40 #рамазан_күнделігі_2022
#рухани_әңгіме

Мектепте бір мұғаліміміз болатын. Ерекше адам. Сол кісінің көзіне түсу үшін, сол кісіге ұнау үшін барымды салатынмын. Ең алдыңғы қатарда отыратынмын, сабаққа тыңғылықты дайындалатынмын, үй жұмысын тұрақты орындайтынмын, басқалар үндемей, пәс боп отырғанда, қол көтеріп, сұрақтарға жауап беріп, белсенді болатынмын.

Бір күні ол мені бүкіл сыныптың көзінше мақтады. Төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұрды. Қандай мәртебе десеңші! Мен оның любимчигіне айналдым білем. Әр сабақта оның маған деген ерекше ықыласын, сенімін байқай бастадым. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын.

Бағана мешітте бір ой келді. Неге мен дәл солай Алланың любимчигі болуға тырыспаймын, а? Оған ұнайтын істерде ең алдыңғы қатардан көрінсем, әр құлшылығыма тыңғылықты дайындалсам, Оның тапсырмаларын тұрақты орындасам, басқалар үндемей, пәс боп қалғанда, белсенді болсам, Оның көзіне түсіп, Оған сөзсіз ұнайтын едім ғой.

Сыныптас, группалас, әріптестерімнің, мешіттегі жамағаттың, достарымның ішіндегі Алланың ең сүйікті құлы мен болам деген ұмтылыстан асқан мотивация бар ма екен?

Бір күні Ол мені бүкіл әлемнің көзінше мақтаса ғой. Қандай мәртебе десеңші! Сол сәттегі күйімді елестете де алмаймын. Алланың любимчигіне айналсаң, Ол сені басқаларға да сүйікті етіп қояды. Олар сені жақсы көріп, төрге отырғызып, ізгі тілегін арнап, сый-сыяпатқа бөлейтін болады. Ал сен іштей "неге бұлардың маған сонша ықыласы ауды екен, мен оларға ешқандай жақсылық жасамадым ғой?" деп ойлайсың.

Құранда бұл жайлы былай делінген:

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ سَيَجْعَلُ لَهُمُ ٱلرَّحْمَٰنُ وُدًّا

Иман келтіріп, игілікті істер істегендер бар ғой, Рахман Алла оларды (жерде де, көкте де) сүйікті қылады.

(«Мәриям» сүресі 19:96)

Адамдардың ғана емес, періштелердің, теңіздегі балық, көктегі құстардың да сүйіктісі екеніңді сезіну ғажап қой. Любимчик болсаң, Алланың любимчигі бол!
372 views12:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 11:12:59 Абу Зарр (радиаЛлаһу ‘анһу) рассказывает,что однажды Посланник Аллаха (саллаллаһу ‘алейхи уа салләм) вышел из дома. Была осень. Падали листья. Он схватил ветку дерева, от чего её листья посыпались. Он заметил: «О, Абу Зарр (радиаЛлаһу анһу), когда мусульманин читает свой намаз ради Аллаха, его грехи спадают с него, как опадают эти листья с дерева».
410 views08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 05:03:21 вера означает знание сердцем, утверждение языком и подтверждение поступками.
414 views02:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 21:11:20
"В Турции после тарауих намаза детей зовут поиграть с имамом. Поэтому они рады ходить в мечеть. В новых мечетях типа Hamdi Cami в Анкаре есть даже игровая площадка справа от лестницы. А если в мечети нет игровой площадки внутри, то снаружи мечети для детей делают что-то вроде сада. Так мечеть становится центром для счастливых людей. Они верят в то, что сказал их предок, Сультан аль-Фатих: "Бойтесь, если в ваших мечетях больше не слышно детских голосов".

Источник: Tarekat TV
427 views18:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 06:03:02 Нағыз ілім талап етуші

Мен оқыған институтта Абдульқодир деген жігіт болатын. Жасы менен 2-3 жас кіші. Бірінші рет дене тұрпатын көргенде оның оңай шағылар жаңғақ емес екенін білдім .

Ол жігітті ұстазымыз көргенде:
"Балам сен "Уммийсің" ғой" дегенді. Яғни оқу-жазуды білмейсің ғой деді.

Бірақ ол жігіт өте ықыласты еді. Дәріске келгенде өте табандылық танытып, 1- жылда бәрімізден осып кетті. Құраннан 10-шақты пара, 2-3 мыңдай хадис жаттап, фиқһ, ақида, араб тілі грамматикасынан бірнеше кітап бітірді.
(Одан бөлек институт программасындағы 20 шақты кітап бар)

Не істеді? Қандай қасиеті бар? - деген баршаңызда сұрақ туар.
Ендеше мен түсінген негізгі мына істер оны нәтижеге жеткізді:

1) Абдульқодир Раббысымен шынайы болды. Ол тек Алланың разылығына жетуді ғана көздеді.

2) Өзін толықтай білімге берді. Күніне 15-16 сағат сабақ оқыды.
Бос іспен айналыспайтын.

3) Ұстаздармен әдеп сақтайтын және қызметінде болатын.

Менің ойымша осы 3 нәрсе себепті Алла оны ашып қойды.


by makee
462 viewsedited  03:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 23:47:03 Дұрыс жеткізе алдым ба?
498 views20:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 23:41:36 “Рия болып кетеді ау деген оймен амалды тастап қою - бұл да бір Рия”. Фудайл ибн Ияд және басқа да үлкен ғалымдардан жеткен. Негізінен рия туралы хадис жетеді.Былай қарасаң рия деп ойлайсың,бірақ Шайтанның арбауы екенін де байқамай қаласың..
503 viewsedited  20:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 23:25:47 الله سبحانه و تعالى
баршамызды көзбояушылық,рия,танымалдылық,мұнафықтықтан сақтасын..!

Әмиин.
417 views20:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 23:21:58 «Қиямет күні ең бірінші есебі қаралатын адам – шейіт болып өлген адам Тәңірдің құзырына әкелінеді. Алла Тағала оған (пәни жалғанда) берген игіліктерін, нығметтерін есіне салады. Ол да еске түсіріп, сол игіліктерге қол жеткізгенін айтады
Алла Тағала сонда:

– Жарайды, осыларға қол жеткізу үшін не тындырдың? – деп сұрайды.

Әлгі адам:
– Шейіт болып, жанымды бергенше, сенің жолыңда аянбай күрестім емес пе?!», – деп жауап береді.

Алла Тағала:
– Өтірік, жалған айтып отырсың! Сен ел-жұрт «Неткен батыр адам!» деп айтсын деп соғыстың. Солай айтылды да, – дейді. Содан кейін ол адамды бет-жүзімен сүйретілген күйі жәһаннамға лақтыруға бұйрық беріледі.Келесісі болып, ғылым, білім үйренген әрі Құран оқыған адам (Алланың) алдына әкелінеді. Алла Тағала оған да өзінің берген игіліктерін есіне салады. Ол адам да еске түсіріп, мойындайды.
 
Алла Тағала:
– Жақсы, осы нығметтерге жету үшін не істеп едің? – деп сұрайды.

Әлгі адам:
– Ғылым үйрендім, (өзгеге) үйреттім және сенің ризалығыңа ие болу үшін Құран оқыдым, – деп жауап береді.

Хақ Тағала сол кезде:
– Жалған айтып отырсың! Сен: «Ғалым адам» деп айтсын деп ғылым үйрендің ғой. «Құранды қандай тамаша оқиды!» десін деп Құран оқыдың. Сен туралы ол сөздер айтылды да. Содан кейін ол адамды да ет-бетімен сүйретілген бойда тозаққа лақтыруға бұйрық беріледі.
(Содан кейін) Алла Тағала мал-мүлік пен әр түрлі мүмкіншіліктер берген бір адам әкелінеді. Алла Тағала өзінің оған берген игіліктерін есіне салады. Ол кісі де өзіне берілген иігіліктерді есіне алып, мойындайды.

Хақ Тағала:
– Ал жарайды, сен сол игіліктерге ие болу үшін не жасадың? – деп сұрайды.

Әлгі пенде:
– Сен бер деген жерден, сен риза болатын еш жерден аянып қалмадым ғой, тек сенің ризалығыңды табу үшін бердім ғой, – дейді.

– Айтып отырғаның жалған! Сен бар жасаған тірлігіңді «Мынау неткен жомарт адам!» десін деп жасадың. Сен жайлы ондай сөз айтылып та қойды, – дейді. Сөйтіп оны да жәһаннамға етбетімен сүйретілген күйі лақытыруға бұйрық беріледі.

Имам Мүслім, Имара, 152).

@muftiyat.kz
433 views20:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 23:17:44 Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Үмбетімнің жасырын серік қосуға бой алдырып, нәпсілік қалауына бағынып кететініне қатты уайымдаймын» деген екен. «Сонда, сізден кейін де серік қосу деген бола бере ме?» деген сұраққа Ол: «Иә, әлбетте. Бірақ күнге, айға, тасқа, пұтқа табыну секілді болмайды-ау, тек адамдар өз құлшылықтарын өзгелер көрсін деп жасайтын болады».

Мүснәд, IV, 124
397 views20:17
Ашу / Түсініктеме