Get Mystery Box with random crypto!

улығына зиян екені айдан анық. Үшіншісі – жұмыртқа мен құс еті | KuranSauat - Quran / құран / сүрелер / коран / намаз / ХАНАФИ /

улығына зиян екені айдан анық. Үшіншісі – жұмыртқа мен құс еті. Егер құс фабрикасындағы құстың жеміне етті-сүйекті қоспалар берілген болса, ол жердегі құс еті де, жұмыртқа да жеуге жарамсыз. Етті-сүйекті жем дегеніміз – өлген құстың, малдың еті, сүйегі, терісі секілді өлекселерден алынып, химиялық өзгеріске түсіру арқылы жасалған құс азығы. Төртіншісі – кармин қоспасы бар өнімдер. Бұлар – құрамында қызыл, алқызыл, күлгін түсті бояуы бар кез-келген өнімдер. Біз ауызашардан кейін «асқазанға жеңіл болады» деп тамсана жейтін иогурт, торт, пирог секілді қызыл түсті кондитерлік өнімдердің, кетчуп, кәмпиттің құрамында да харам қоспа болуы мүмкін. «Е 120» деп аталатын кармин қоспасы жәндіктен алынғандықтан, тағамға қолдануға рұқсат етілмейді. Бесіншісі – желатин. Желатин көбіне доңыз және ірі қара малдан алынатындықтан, жасалу жолы күмән туғызады. Ірі қара мал адал болғанымен, шариғат талабына сай сойылмаса, ол малдан жасалған желатин де күмәнді. Желатин көбіне варенье, мармелад, зефир, айран, кәмпит секілді өнімдерде кездеседі. Алтыншысы – сычужды ферменттер. Бұл ферменттер де доңыздан және ірі қара малдан алынатындықтан, күмәні жоғары. Доңыздан алынса, анық харам. Ал ірі қара мал шариғат талабына сай сойылып-сойылмағаны белгісіз болғандықтан, сычужды ферменті бар өнімдер күмән тудырады. Сычужды ферменттер көбіне айран, ірімшік секілді сүт өнімдерін дайындауда қолданылады. Технологтар микробиологиялық жолмен алынған сычужды фермент қолданған сүт өнімдеріне ғана рұқсат береді. Жетіншісі – спирт. Құрамында спирті бар өнімдерді жеуге мүлде рұқсат етілмейді. Спирт көбіне кекс, бисквит т.б кондитерлік өнімдер мен шоколадтар құрамында кездеседі. Сегізіншісі – майлар. Сүт немесе маргарин, басқа да май секілді өнімдерінің майлылығын арттыру үшін жануар майын қосу өндірісте жиі кездеседі. Ол жерде де майдың қандай малдың майы және қалай сойылғаны белгісіз болғандықтан, күмән туғызады. Жоғарыдағы сегіз қоспаны баяндаудағы мақсат үркітіп-қорқыту не болмаса астан алшақтату үшін емес, арамнан сақтандыру үшін мысалға келтірдік. Біз сіздің Алла разылығы үшін ұстаған оразаңыз күмәнді тағам тұтынумен текке кетпесе екен дейміз. Арам мен күмәннан сақтанудың жолы – шариғат бойынша рұқсат етілген, білікті мамандар арқылы тексерілген азықты тұтыну. Бойын арамнан сақтау – мұсылманның өмірлік мұраты. Айбек АТАШЕВ, ҚМДБ «Халал-Даму» директоры.

ummet.kz Толығырақ: https://ummet.kz/makalalar/344-makalalar/11654-densaulykka-ziyandy-8-tagamdyk-kospa.html
Материал ummet.kz сайтынан алынған