Get Mystery Box with random crypto!

Рамазан – жан мен тәнді рухани тазартатын мектеп. Ораза – жанн | KuranSauat - Quran / құран / сүрелер / коран / намаз / ХАНАФИ /

Рамазан – жан мен тәнді рухани тазартатын мектеп. Ораза – жанның азығы, тәннің шипасы. Ал біздің жанымыздың рухани кемелденуіне әсер ететін факторлардың бірі – адал ас тұтыну. «Адал әрі тазасынан жеңдер!» Рамазан – ашығу айы емес. Асты тойып жейтін де мезгіл емес. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына сөзін есімізде ұстау маңызды: «Адамның өмір сүруіне аз ғана тағамның өзі жеткілікті. Асқазанның үштен бірін – тағаммен, екінші бөлігін – сумен, ал үшінші бөлігін ауамен толтырыңдар». Ораза кезінде денсаулыққа зиян тимеуі үшін жеңіл қорытылатын тағамдар жеп, асты аз ішкен дұрыс. Себебі, тойып тамақтану организмге көп күш түсіреді, күні бойы шаршауға шалдықтырады. Мұнымен қоса ауыз ашқаннан кейін тарауық намазы кезінде ұйқы қысып, есеңгіретеді. Ораза кезінде дұрыс әрі адалынан тамақтансаңыз, ұйқы қысу, маужырау секілді сезімдерден арылып, төзіміңіз күшейеді. Қасиетті Рамазан айындағы ең үлкен ерекшеліктің бірі – ас ішудегі қарапайымдылық. Яғни ас мәзірінде шектен тыс ысырапқа бой алдырмай, күнделікті жейтін тағамымыздан ерекшелемей, қарапайымдылық пен адалдықты ұстанған абзал. Ал дұрыс тамақтану тәртібінің басты қағидасы – шариғат шарттарына сәйкес адал ас тұтыну. Алдымыздағы астың құрамына, неден, қалай дайындалғанына аса мән беруіміз керек. Бізге мол нығмет берген Раббымыз солардың тек адалын пайдаланып, арамынан аулақ болуды ескерткен: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің адал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 168 аят). Ардақты Елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын); «Адал да белгілі, арам да белгілі. Алайда, осы екеуінің арасында кейбір күмәнді нәрселер бар. Адамдардың көпшілігі осының ара жігін айыра алмайды. Осы күмәнді нәрселерден бойын аулақ ұстаған жан дінін, ар-намысын сақтап қалады», – деп адал астың рухани тұрғыдан тазаруға пайдалы екенін айтқан. Сәресі уақытындағы ас мәзірі Дәрігерлер сәресіне құрамында көмірсуы көп тағамдар жеуге кеңес береді. Жарма өнімдері, жеміс-жидек, қызанақ, қияр секілді құнарлығы жоғары өнімдерге таңдау берген дұрыс. Ет, балық, жұмыртқа, сүт секілді ақуызы мол өнімдерді де ас мәзіріне енгізуге болады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сәресін ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар» деген хадисіне мән бере отырып амал етсек, сәресіде дұрыс тамақтану адам организмін күні бойы қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Ауызашардағы ас мәзірі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кеңесі бойынша оразаны құрмамен немесе сумен ашып, артынан түрлі көкөніс салаттары, жеміс-жидектерге таңдау берген дұрыс. Ауыз ашқаннан кейін бірден ыстық тамаққа кіріспей, ақшам намазын оқығаннан кейін негізгі тамаққа көшкен дұрыс болады. Сонымен қатар тамақты аздан жеп және әрбір тамақтанудан кейін күнделікті организмге қажетті су нормасын толтыруға тырысыңыз. Тамақтан кейін көк шай немесе әртүрлі шөптен дайындалған сусын ішкен жақсы. Ол асты қорытуға көмектеседі. Ең бастысы ауызашардан сәресіге дейін асқазанды тамаққа толтырудан сақтанған абзал! Ас – адамның арқауы. Алайда тағы қайталап айтатынымыз – адалдық. Сонымен қатар, адалдығы мен күмәні жоғары өнімдер мен қоспалардың мына сегіз түріне де сақ болғанымыз жөн. Сегіз қоспадан сақтан! Біріншісі – ет. Шариғат адал деп белгілеп берген мал «Бисмиллә» айтылып сойылмаса, дүкен сөрелерінде таза, адал етпен бірге орналастырылмаса, жүк көлігімен тасымалдағанда адал, шариғат бойынша рұқсат етілген мал етімен қатар тұрмаған жағдайда еттің арам болып шығуы оп-оңай. Егер тасымалдау, сақтау, сату кезінде ет доңыз етімен бірге тұратын болса, етке доңыз ДНК-сы жұғып, адал малдың еті де арам болып шыға келуі мүмкін. Ал сіздің ауызашарға ас дайындау үшін сатып алған етіңіз осы талаптарға сай ма? Екіншісі – ұн. Ауызашар кезінде ыстық бауырсақ, жұмсақ бәліш пісіру үшін ұнды жиі пайдаланамыз. Жоғары сапалы, ақ ұн екен деп сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, ішкі құрамын назардан тыс қалдырамыз. Ұнның құрамында L-цистеин (E 920) деген қоспа болады. Ол адамның шашы, тырнағы, жануардың қылынан алынады. Цистеин қосылған ұн жақсы көтеріліп, ұнның сапасы жақсарғандай болады. Алайда бұл қоспаның адам денса