Get Mystery Box with random crypto!

Бір кісілерді Жәннаттың өзі 'Иә, Алла, оны Жәннатқа кіргізе гө | ҚҰРАН НАСИХАТ

Бір кісілерді Жәннаттың өзі "Иә, Алла, оны Жәннатқа кіргізе гөр" деп Алладан сұрап алады!

Сахабалардың бірі Әнас ибн Мәлик (р.а) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген:

“Мұсылман адам Алла Тағаладан үш қайтара Жәннатты тiлесе, Жәннат: “Иә, Алла, Оны жәннатқа кiргiзе гөр”, – деп сұрайды. Әрi мұсылман пенде үш қайтара Алла Тағаладан тозақ отынан пана тiлесе, тозақ: “Иә, Алла, оны менен құтқара гөр”, – деп сұрайды"
(Ахмад, Ибн Мәжаһ, Ибн Хиббан, Әл-Хаким)

Жұма мүбәрак болсын

@kuran_nasikhat