Get Mystery Box with random crypto!

АДАМНЫҢ ӨМІРІН РЕТКЕ КЕЛТІРІП, АҚЫРЕТІН ДҰРЫСТАЙТЫН 3 ӨСИЕТ! | ҚҰРАН НАСИХАТ

АДАМНЫҢ ӨМІРІН РЕТКЕ КЕЛТІРІП, АҚЫРЕТІН ДҰРЫСТАЙТЫН 3 ӨСИЕТ!

Ілгергі буынның ізгі ғұламалары жер бетінің бар алтынын таразыға салсаңыз да оны басып кететін мына үш өсиетті қалдырған:
Олар:

Бірінші, "Кім Алламен өзінің арасындағы қарым-қатынасын ретке келтірсе, Алла ол адам мен өзге адамдардың арасын ретейді!"

Екінші, "Кім өзгелерден жасырып жүрген нәрселерін түзесе, жасырып жүрген күнәсі үшін Алладан кешірім сұрап, оны қайталамауға бел буса, Алла оның адамдар арасындағы абыройын көтереді!"

Үшінші, "Кім ақыреттік істерді өмірінің негізгі уайымына айналдырса, Алла оның бұл дүниедегі әрі ақыреттегі жағдайын түзейді"

@kuran_nasikhat