Get Mystery Box with random crypto!

ЕГЕР БАЛАҢЫЗ... Егер балаңыз бірдеңені дұрыс жасамаса, «сен | ҚҰРАН НАСИХАТ

ЕГЕР БАЛАҢЫЗ...

Егер балаңыз бірдеңені дұрыс жасамаса, «сен жамансың» деп оны төмендетудің қажеті жоқ. «Сен жақсысың, бірақ мына іс жаман» деп бала мен оның амалын бір-бірінен ажырата отырып түсіндіру керек;

Егер оған бірдеңені үйреткіңіз келсе, өзіңіз жасап кетпей, шыдамдылық танытып, соңына дейін күтіңіз;

Егер балаңыз бірдеңе айтқысы келсе, жұмыстың барлығын ысырып қойып, қарама-қарсы отырып, оның екі қолын ұстап отырып тыңдаңыз;

Балаңызды өзіңіз істеп жүрген істерге араластырыңыз. Оның көмегіне көбірек жүгініңіз. «Бірге істейік», «мынаны апара сал», «мынаны тазалайық», «сен ананы істей салшы», т.б. Бұл арқылы ол өзінің сізге пайдалы адам екенін сезінеді. Және мақтау мен алғыс естіген сайын елге пайдалы болуға, жақсылық жасауға асығып тұрады;

Егер балаңыз үнемі тіліңізді алып, айтқаныңызды екі етпей орындаса, көңіліңізден шығатын әрекеттер жасаса, сіз оған ешқандай қарсылық көрсетпейсіз. Бұл қалыпты жағдай секілді іштей қуанып, балаңызға көңіліңіз толып жүре бересіз. Егер бір күні аяқ астынан бірдеңені дұрыс жасамаса, бірден ашуланып, ренжіп шыға келесіз. Ата-ананың басты қателігі де осы жерде. Қателік жасаған кезінде ашуланып, ренжігеніңіздей, ол тыңдап, тәртіпті болып жүрген кезінде де қуанып, оған разы екеніңізді көрсетіп тұруыңыз керек. Яғни эмоцияңызды көрсетіп тұрсаңыз, ол сізді көбірек ренжітуге емес, қуантуға асығатын болады.

@kuran_nasikhat