Get Mystery Box with random crypto!

АЗАМАТ ДЕП ЖҮРГЕН ЕРІҢІЗ ЕЗ БОП ШЫҚПАСЫН Ұл баланың тәрбиес | ҚҰРАН НАСИХАТ

АЗАМАТ ДЕП ЖҮРГЕН ЕРІҢІЗ ЕЗ БОП ШЫҚПАСЫН

Ұл баланың тәрбиесіне көп ретте әкесінің тигізер әсері мол. Қалай дегенмен де, ол ұл болған соң, өз табиғатына сай жігіттікті, мәрттікті, уәдеге беріктік пен салқынқандылықты, тегеуірінділікті талап етіп тұратыны анық. Сондықтан әке ауызбен айтқаннан гөрі баласына көп нәрсені өзі істеп көрсеткені абзал.

«Әке – балаға сыншы» дейді қазақ. Шынымен де, баланың мақсат-мұраттарын айқындап, оған бағыт көрсетіп беретін бірден-бір жан – оның әкесі. Мысалы, Абай секілді алып тұлғаны тәрбиелеп өсірген Құнанбай қандай еді? Баласының бойынан ерекше зеректік пен алғырлықты байқаған ол Абайды он жасында медресеге берген. Абай төрт жыл бойы сол медреседе оқып, қара таныған. Әдебиеттерді ақтарған. Төрт жыл оқығаннан кейін Құнанбай баласын ауылға алдырып, оны ел басқару ісіне баули бастаған. Ел ішіндегі жақсылармен араластырған.
Мұның барлығы не үшін еді? Яғни Құнанбай осылайша болашақтағы ел азаматының, елге жөн сілтеген алып Абайдың тұлғасын қалыптастырған еді.

Демек, сіз де кейбір маңызды істерде балаңызды өзіңізбен бірге ала жүріп, оған оң мен солды, ақ пен қараны көрсете жүргеніңіз дұрыс. Әсіресе, ұл баланы отбасындағы маңызды істерге араластырғаныңыз абзал. Оның үйде істейтін жұмыстары, қоқыс шығару, қарындасының сабағына көмектесу, інісінің қарындашын ұштап беру, анасымен бірге дүкенге бару деген секілді міндеттері болуы керек.

@kuran_nasikhat