Get Mystery Box with random crypto!

ЗУЛХИДЖА АЙЫНДА ЖАСАУ КЕРЕК ОН АМАЛ Зулхиджа айы қасиетті төр | Күнделікті зікірлер📿

ЗУЛХИДЖА АЙЫНДА ЖАСАУ КЕРЕК ОН АМАЛ

Зулхиджа айы қасиетті төрт айдың бірі әрі ислам күнтізбесіндегі ең соңғы ай. Яғни, бұл айда жасалатын құлшылықтар бір жылдық ғибадаттардың қорытындысы, жылдық есебі іспеттес. Сондықтан, мейлінше, бұл айды пайдалы өткізуге тырысқан жөн. Ендеше, Зулхиджа айында ерекше сауапқа ие он амалды ұсынамыз.

Көп зікір айту

«Алланың алдында зүлхиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ және ізгі амалдың сауабы молырақ болған басқа күндер жоқ. Бұл күндері таһлилді тәсбихті, тахмидті және тәкбірді көп айтыңдар!» (Бухари)

Арапа күні ораза тұту

«(Сол күнгі ораза) өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың өтемі болады.» (Мүслим)

Құрбандық шалу

«Құрбанға шалынған малдың әрбір тал қылшығы үшін сауап бар» (Тирмизи)

Көп дұға жасау

«Ең қайырлы дұға — Арафа күні жасалған дұға, ал мен және маған дейінгі пайғамбарлар бұл күні айтқан ең қайырлы сөздер:

«Лә иләһә илләллаху уәхдәху лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул хамду уә хууә ғалә кулли шәйин қадир.» (Тирмизи)

Тәкбир тәшриқ айту

«Санаулы күндері (тәкбір тәшриқ күндері) Алланы зікір етіңдер» (Бақара, 203)

Зүлхиджа айының тоғызыншы жұлдызының таң намазынан бастап 13-ші Зүл-хиджаның екінті намазына дейін төмендегі зікірді айту керек:

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә илләллаһу, Аллаху әкбар, Аллаху әкбар, уә лилләһил хәмд.»

Құрбан айтқа қараған түні нәпіл намаз оқу

«Ораза айт және Құрбан айт түндері құлшылық қылып, Алланың уәде еткен нығметтеріне талпынған адам жүректер өлген күні өлмейді. (Ибн Мәжә)

Құрбан айт мерекесін тойлау

«Кім Алланың белгілерін ұлықтаса: күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» аятына амал етіп, айт күнін кең көлемде мерекелеу керек.

Садақа беру

«...Одан өздерің де жеңдер жəне мұқтажға да жегіңіздер» аятына сай, құрбандық еттерін үшке бөліп, жағдайы төмен туысқандар мен міскіндерге тарату үлкен сауапты іс.

Қажылыққа бару.

"Қабыл болған қажылықтың сыйы – Жәннат” (Бухари)

Алла Тағала Зулхиджа айында қылған құлшылықтарымызды қабыл қылғай!

Әзірлеген: @mihrab_kz

Ақпарат ұнаса лүпіл басып, бөлісуді ұмытпайық!