Get Mystery Box with random crypto!

«Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді» («Зарият» с | Күнделікті зікірлер📿

«Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді»
(«Зарият» сүресі, 55-аят) - деп әмір етеді.
Салауат – зікірдің бір түрі.
Салауат – Алла Тағалаға мадақтау мен Пайғамбарына игілік пен сәлем айту дұғасының жиынтығы. Салауаттың қасиеттері жайлы аяттар мен хадистер негізінде 40 хикметі табылған. Ендеше, сол хикметтері мен сырларын назарларыңызға ұсынамыз:

Салауат – Алла Тағаланың әмірін орындау

Салауат – Алла Тағаланың сөзімен қатар жүреді. Алла Тағаланың Пайғамбарға салауаты – мақтау және шарапат көрсету болса, мұсылманның салауаты – Алла Тағаладан тілегін сұрап дұға ету

Салауат – Періштелердің Пайғамбарды мақтауы. Салауат айтумен мұсылманның тілегі, періштелер тілегімен ұштасады

Бір салауат – Алла Тағала тарапынан он жарылқауға себеп

Бір салауат – мұсылманның мәртебесін он есе көтереді

Бір салауатқа – он сауап беріледі

Бір салауат – он қателікті жуып шаяды

Дұғадан алдын айтылған салауат тілектің қабыл болу үмітін арттырады

Салауат – Пайғамбар (ﷺ) шапағатына лайық болудың бірден-бір себебі

Салауат – күнәнің кешірілуіне себеп

Салауат – Алла Тағала тарапынан адамның уайым-қайғысының кетуін қамтамасыз етеді

Салауат – қиямет күні Пайғамбарға (ﷺ) жақын тұруға себеп

Салауат – жағдайы төмен адам айтса, садақаның орнын басады

Салауат – мұң-мұқтаждықтың өтелуіне себеп

Салауат айтушыны – Алла Тағала жарылқайды, оған періштелер дұға жасайды

Салауат – айтушының жан дүниесін тазартады

Салауат – адамның тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленуіне себеп

Салауат – қиямет қорқынышынан құтылуға себеп

Салауат – ұмытқан нәрсені тез еске түсіруге көмектеседі

Салауат айтсаңыз, сәлеміңізге Пайғамбар (ﷺ) жауап қайтарады

Мәжіліс басында салауат айту – жиынға берекет келтіреді және азын-аулақ кемшіліктерді жояды

Салауат – кедейлікті жояды

Салауат – мұсылманның сараңдығын жояды

Салауат – Пайғамбарымыз (ﷺ) жазғырған адамдар қатарынан құтқарады