Get Mystery Box with random crypto!

Шəууəлдің алты күн оразасы.. Шәууәлдің оразасы қаншалықты дәр | Ерген Құмаров

Шəууəлдің алты күн оразасы..

Шәууәлдің оразасы қаншалықты дәрежеде қызықтырылған амал екендігі жөнінде Аллаһ елшісі ﷺ хадистердің бірінде былай деген:

مَنْ صَامَ رَمَضَانَ، ثُمَّ أَتْبَعَهُ سِتًّا مِنْ شَوَّالٍ، كَانَ كَصِيَامِ الدَّهْرِ.

«Кімде-кім Рамазанда (толық) ораза ұстап, кейін артынша (айттан кейін) Шəууəл айында алты күн ораза тұтатын болса, бір жылдың оразасын тұтқандай болады».
Муслим (1164).

Жəне басқа бір хадисте:

صِيامُ شهـــْرِ رمضانَ بِعشْـــرَةِ أشْهُرٍ، و صِيامُ سِتَّةِ أيَّامٍ بَعدَهُ بِشهْــــرَيْنِ، فذلِكَ صِيامُ السَّنةِ.

«Рамазан айының оразасы он айдың оразасына тең келеді. Одан кейінгі айдың (Шəууəлдің) алты күн оразасы екі айдың оразасына тең келеді. Ал, екеуінің қосындысы бір жылдың оразасымен пара-пар түседі»,- деп айтқан.
Ахмад (22412), Ибн Хузейма (2115), Әл-Байһақи (8433).

Осы хадисті имам əс-Сонғани (рахимаһуллаһ) түсіндіріп айтады:

أي: صـــوم السنة، لأن الحسنة بعشــر أمثالها، فرمضان ثلاثــون يوماً: ثلاثمائة حسنــة على التضعيف، وستة أيام: بستيــــن يوماً، فهي ثلاثمائة وستون حسنة، عدد أيام السنة.

«Яғни, бір жылдың оразасына сай келеді. Өйткені, бір жақсылық он еселеп саналады. Рамазанның отыз күн оразасы он есе еселенгенде үш жүз күнге татиды. Ал, (Шəууəлдің) алты күн оразасы он есе еселенгенде алпыс күнге татиды. Екеуінің қосындысы – бір жылдың күндер санына сай; үш жүз алпыс жақсылыққа шақ келеді».
Əт-Тəнуир (10/276).