Get Mystery Box with random crypto!

Аллаһты ұлықтаудың (Тәкбірдің) артықшылығы Аллаһ Тағала қаси | Ерген Құмаров

Аллаһты ұлықтаудың (Тәкбірдің) артықшылығы

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

﴿وَلِتُكَبِّرُوا۟ اللهَ عَلَىٰ مَا هَدَاكُمۡ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ﴾.

Сондықтан, Аллаһ сендерді тура жолға салғандығына жəне (Оның сендерге берген игіліктеріне) шүкірлік етулерің үшін, Оны ұлықтаңдар﴿.
Бақара сүресі, 185-аят.

Имам Ибн Абу Хатим сахих иснадпен Зейд Ибн Әсләмнан жеткізген хабарда ол Сондықтан, Аллаһ сендерді тура жолға салғандығы жəне (Оның сендерге берген игіліктері) үшін Оны ұлықтаңдар﴿ деген аятқа қатысты: «Яғни, ауыз ашатын күні (айт күні) тәкбір айту («Аллаһу Әкбар» деп Аллаһты ұлықтау)»- деген екен.
Тәфсир Ибн Абу Хатим (1/314).

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі ﷺ:

ما أهلَّ مُهِلٌّ قطُّ إلَّا بُشِّرَ، ولا كبَّرَ مُكبِّرٌ قطُّ إلَّا بُشِّرَ. قيلَ: يا رسولَ اللهِ! بالجنَّةِ؟ قال: نعَم.

«Тəлбия айтқан əрбір адам тəлбия айтқан сайын сүйіншілендіріледі. Сол секілді, тəкбір айтқан əрбір адам да тəкір айтқан сайын сүйіншілендіріледі»,- дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жəннатпен сүйіншілендіріледі ме?»,- деп сұрайды. Ол: «Иə, (жəннатпен сүйіншілердіріледі)»,- дейді.
«Ахбару Макка» 897, «Муғжəм əл-Əусот» 7779, «Шуғаб əл-Иман» 3740, «Сунан əл-Кубро» 10378, «Əл-Жəмиғ əс-Сахих» 7/304.

Сондықтан, Аллаһ қаласа, санаулы сағаттардан кейін Рамазанның соңғы күні өз ұясына батып, барша мұсылмандарға Аллаһты ұлықтау ғибадаты шариғат етіледі. Ал, енді Тәкбір айтудың сипатын баяндай кетсек;

الله أكبر، الله أكبر،الله أكبر، لا إله إلا الله والله أكبر، الله أكبر ولله الحمد.

Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, лə Илəһə иллаллаһу Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар уə Лиллəһиль-Хамд.

Мағынасы:
Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық, Аллаһ –Ұлық, Аллаһтан басқа құлшылық етілуге лайықты ешбір тәңір жоқ, Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық, əрі барлық мақтау тек Аллаһқа тиесілі.