Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін күні бойы кездесулермен өтті. Жақсы көремін. Маған бұл к | Kulan Mektepbergen

Бүгін күні бойы кездесулермен өтті. Жақсы көремін. Маған бұл кездесулер энергия береді. Көз алдымда адамдардың өзгеріп жатқанын көрген бұл самый лучший кайф. Қазір жекеде жүрген 15 адам бар. Бүгін жаңадан 2 адам қосылды. Ары қарай осы айға ешкімді алмаймын. Өйткені маған басқа жобаларыма уақыт керек. Қатысушыларға екі күн бөлдім. Жұмыс жеке жеке болған соң, бағдарламасы индивидуальный. Қатып қалған бағдарлама жоқ. Үлкен жауапкершілікпен қараймын, үйге келіп өзімнің бір эксел документіме әрқайсысына дело ашып қойғанмын, жазып отырамын виновен, не виновен деген сияқты)

Қызық. Әрқайсысы әр түрлі. Диагноздары да әр түрлі. Кейде отырып ізденемін. Өйткені маған ол өте қызық. Біреуінде энергия жоқ. Біреуіне жасап жатқан бизнесі ұнамайды, ұялады. Біреуіне сауданы өсіру керек. Команда құру керек. Мен врач сияқтымын. Анализдеріне қарап, назначение беретін) Бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені дұрыс қойылмаған диагноз болса, басқа жерін жаралап алуың мүмкін.

Анализдер бұл документтер.
1. Точка А. Қазіргі тұрған жері. Барлығына шынайы анализ. Қанша табады? Денсаулығы қалай? Өзің қалай сезінеді? Бұл өте маңызды. Өйткені осы жерде дұрыстап анықтап алмасам, ары қарай жұмыс жүрмейді. Қосып айтатын қазақ, өз табысын дұрыс есептей алмайды. Шынымен бұл болезненный этап. Өйткені врачтан өз диагнозыңды есту всегда неприятно.
2. Точка Б. Армандары, цельдері. Бұл этапта маңызды. Көбісі машина, көлік дейді. Бұл өзінің арманы болса, проблема жоқ. Қоғамның бізге салған шаблоны болса, шынайы не қалайтынымызды анықтау бұл үлкен жұмыс. Өйткені 95% адамның арман, мақсаттары жоқ.
3. Арманың қанша тұрады? Қазіргі жасап жатқан бизнесіңнің күші жетеді ме? Осылай кете береді.

Документтер көп. Бірақ мен соңында бизнесін управлять ететін индикаторлар бар дашбордты бірге істейміз. Соның ішіндегі 3 қана показательге фокус қойса, ақшасы артады.

Тағы бір затты түсіндім. Адамның басымен ғана жұмыс істемей, жүрегімен де жұмыс істеу керек. Оны жайлап үйреніп жүрмін.

Өзімнің бастап жатқан жобам туралы айтқым келіп жүр. Бірақ партнерларым, командам пока айтпаңыз деп айтқызбай отыр.

Аллаға шүкір керемет күн болды. Бір идея бар. Осы жылы барлық жобалардан 2 млрд теңге оборот жасағым келеді. Соның этаптарын салып отыру үшін спор керек сияқты. Ну типа 2 млрд жасамасам, 20 млн тг біреуге атам деген сияқты. Блин не знаю, қорқып тұрған жоқпын. Бірақ андай да бір түрлі, тіл көз бар дегендей. Сіздер қалай ойлайсыздар?