Get Mystery Box with random crypto!

Сіздерге бір нәрсе жазғым келіп тұр. Қалайсыздар жалпы? 2022 ж | Kulan Mektepbergen

Сіздерге бір нәрсе жазғым келіп тұр. Қалайсыздар жалпы? 2022 жыл осылай басталады деп кім ойлаған? Интернет стабильно істеп тұрған сияқты. Шүкір

2022 жылға қойған арман, мақсаттарым айқын. Алла қаласа орындаймын деген үміттемін. Біраз жаңа жобалар болады. Товарка, инфобизнес, инвестиции және жеке даму бойынша өзімнің қателіктерімді, ой түйгендерімді жазып отырсам деймін. Айтпақшы Шонбай бизнес скул жобасынан шықтым. Партнерларым Қуаныш мырза мен Мейірбек мырзаға және барлық ұжымға алғысым шексіз. Көп зат үйрендім. Тәжірбие алдым. Ендігі менің жолым бөлек.

Мен мына каналды өзіме отчет ретінде қолданғым келеді. Сізге жазбаларым пайдалы болса, қуанамын. Барлығын қалай бар, солай шынайы жазамын.

Қазір бір жоба бастайын деп жатырмыз. Елімізде болған мына жағдайдан кейін, бір түрлі болып қалдым. Бірақ бұл уақытша. Біздің логотип дайын, өнім дайын, енді маркетинг стратегиясын анықтап алсам сатуды осы 2-3 күнде бастап кетеміз. Офис 24 январь күні дайын болады. Қандай жоба екенін жақында айтамын. Және осылай жазып отырамын. Бұл маған ұнайды екен. Барлықтарыңызға 2022 жылға қойған арман мақсаттарыңыз орындалып, берекелі жыл болсын деп тіледім