Get Mystery Box with random crypto!

Есік қаласында балабақшадағы бүлдіршінді ұрған жаттықтырушы жұ | КТК жаңалықтары

Есік қаласында балабақшадағы бүлдіршінді ұрған жаттықтырушы жұмыстан шықты

Оқиға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында орналасқан «Айжан» бөбекжай балабақшасында болған.

«26 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы «Айжан» бөбекжай балабақшасының «Жалын» тобындағы тәрбиеленушінің ата-анасынан каратэ нұсқаушысы баласын жұлқылап, ұрды деген ауызша шағым түсті.
Жағдай арнайы бейнебақылау камерасы арқылы дәлелденді. Балабақшаның спорт залында тұрған бейнебақылау видеосын қарағанда каратэ нұсқаушысы жаттығу барысында балаларды қолымен нұқып, аяғымен түртіп, жұлқылағаны анықталды»,- делінген Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жағдайға байланысты балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Каратэ нұсқаушысынан түсініктеме алынып, педагогикалық этика нормалары мен лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін «қатаң сөгіс» берілді.

Сонымен қатар, ол өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды.

Видео: egovpress