Get Mystery Box with random crypto!

🍒Classik_world🍒

Telegram арнасының логотипі kpop_fan_fik09 — 🍒Classik_world🍒 C
Telegram арнасының логотипі kpop_fan_fik09 — 🍒Classik_world🍒
Арна мекенжайы: @kpop_fan_fik09
Санаттар: Музыка
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 34
Арнадан сипаттама

Қᴏɯ ᴋᴇᴧдің жᴀниʍʍ. Ꮾұᴧ жᴇᴩдᴇн қыɜықᴛы ɸᴀн ɸиᴋᴛᴇᴩ ᴏқи ᴀᴧᴀᴄың. Ꮶәнᴇᴋᴇй, ᴛіᴩᴋᴇᴧᴇ ғᴏй♨️
Ᏼᴧᴀдᴇᴧᴇц: @
Аяқталған фанфиктер:

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2021-07-19 11:20:39 Қалайсыңдар
295 viewsАяжан Жайлаухан, 08:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:17:30 𝐤𝐩𝐨𝐩_𝐟𝐚𝐧𝐟𝐢𝐤_𝐰𝐨𝐫𝐥𝐝 pinned « AǴAMNYŃ ÁIELI, ALǴASHQY MAHABBATYM ■ ЖАНР: АНГСТ, +18, ГЕТ, ТРАГЕДИЯ, РОМАНТИКА. ■ БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР: ЧОН ЧОНГУК, КИМ С/Е. ■ ҚОСАЛҚЫ КЕЙІПКЕРЛЕР : ЧОН ХОСОК, КИМ ӘУЛЕТІ, ЧОН ӘУЛЕТІ, ЮНА, НАЁН, КИМ ТЭХЁН. ■ БӨЛІМ САНЫ: 10-15 ■ АВТОР:…»
08:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:17:06 - Ал ендігі кезек өзіңде Ким С/е, - саған Чонгук көзін қыса шығып кетті.
Сен шашыңды түзеп, палатадан шығып күзетшілерге басыңды ие тайып тұрдың.

Дәл кәзіргі жоспарың Хосокқада келді. Модельдік агенттіктің текпешегімен биікөкшеңмен тықылдата міндің. Сені көрген қызметкерлер «Хосок мырзаның әйелі ғой» деп сыбырласа бастарын иіп жатты. Екінші қабатқа көтеріліп, жиналыс өтіп жатқан Хосоктың бөлмсіне беттедің.
- Тоқтаңыз онда жиналыс болып жатыр, - деді хатшы орнынан шошынып атып тұра.
- Білемін, - деп кіріп кеттің.
Сені көрген Хосоктың көзі бадырайып кетті.
- С… Сен мұнда не істеп жүрсің? - деді абыржи.
- Бәріңізге сәлем! Мен осы компанияның жаңа акционерімін. Менің есімім Ким С/е, көбіңіз білетіндей Хосоктың әйелімін, - биікөкшеңмен тышылдата Хосоктың жанына тұрып, қолынан құшақтадың.
- Н… Не айтып кеттің С/е? Қайдағы акционер?
- Жаным мен саған сюрприз жасағым келді, бұл жаңалығымды көпшілік алдында айтқым келеді!
- Иә айта беріңіз С/е ханым, - деді жиналыста отырғандар.
- Менің жан досым яғни Ким Тэхён осы компанияның ірі акционері, бар билікті көз жұмар алдында маған табыстады. Осы компанияның жартылай акционері Чон Чонгук, маған бар акциясын берді. Қортындылай келе мен осы компанияның ірі акционері атандым!
- НЕ??? - деді Хосок шошып.
Иә-Иә Тэхён өзіне қауіп төніп тұрғанын сезген болатын, ешкімге айтпай бар акциясын сенің атыңа аударды. Бұл жайлы тек Чонгук қана білді, бұл екеуінің қүпиясы еді.

ЕСКЕ ТҮСІРУ

- Иә, неге шақырдың Тэ? - деді Чонгук мамық диванға жайғаса.
- Алда сот отырысы өзің білетіндей, соған қамдану ғой, - деді алдарына шәй қойып, Чонгукке қарама-қарсы жайғаса.
- Неге ешкімге айтпауымды сұрадың? - түсінбей шайдан ұрттады.
- Хосок сот отырысын созу үшін бәрін жасайды. С/е’нің әкесін еске алар болсақ, мағанда қауіп төніп тұр. Сол себепті бар акциямды С/е’ге ал бар байлығымды саған аударсам деймін, - деді әңгімесін аяқтап.
- Н… Не? Қумашы Тэ?! Хосок мұншалықты төмен дәрежеде емес…
- Гүке кеңінен ойласайшы. Хосоктың кәзіргі басты жауы менмін, сол себепті барлық жағынан қамданғанымыз өте дұрыс шешім!
- Онда шет елге қаш, мен өзім ақ тойтарыс беремін. Ең бастысы сенің амандығың!
- Одан соң Хосоктың басты жауы сен боласың. Менімен ісін бітіргесін саған көшері анық. Есірткіні өз бизнесіңе араластырғанды қой.
- Тоқташ… Сен мұны қайдан білесің?
- Мен бәрін білемін. Хосоктың сенің түбіңе жететін басты құралыда осы. Сені құрту оңай болған соң, ең қиыны менен бастап отыр…
- Ол менің ағам ғой, менің көзімді жояды деп ойламаймын.
- Менің тілімді ал Гүке! Бүкіл әлсіз тұсыңды бүрке, С/е’де солай жасасын. Сосын мен жоспар дайындадым, оны кейін мен олай-бұлай болып кетсем жасайсыңдар.

ЕСКЕ ТҮСІРУ АЯҚТАЛДЫ

Жалғасы 150-коментарий
313 views𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫 иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 08:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:17:06 ХОСОКТЫҢ КОМПАНИЯСЫ

- Дәл мен айтқандай жасадың ба? - деді Хосок ырза бола, креслосына секіріп отыра айналып.
- Иә мырзам бәрін қатырдым, - деді жалдаған киллері басын иіп.
- Мақтан етемін! Ақша счётіңе аударылды. Боссың, - деді киллермен қоштасып.
Бокалдағы вискиінен бір ұрттай, алдағы келе жатқан С/е деген дауылға тойтарыс беретін жоспар ұйымдастырып. Басын шалқайта аспанға қарап мырс күлді.
- Ал С/е әуселеңді көрейік, қолдап-қолпаштайтын адамыңнан айырылдың. Енді тығылар үңгірің, қашар жерің жоқ. Торға түстің Ким С/е!!!

ЗИРАТ БАСЫ

Бәрің қара жамылып Тэхёнді жер қойнына тапсырдыңдар. Бұл нәрсе осыншалық қиын болар ма екен? Жүрегің қатты сыздады, көзіңнен жасың еріксіз ағып жатты. Өз қиналысыңа өзің тұншығып барасың. Жылай бергеннен, көзің ісіп көзің бұлдырлап көрінуде. Дәл кәзіргі сәтте Чонгуккеде оңай емес, ең жақын досынан айырылып отыр. Иә, ең жақын досынан… Осы алдағы санаулы күннің ішінде ақ, Чонгук оған тез бауыр басып қалған еді. Тіпті Хосокты емес, Тэхёнді ағасына балады. Қорғай алмағанына қынжылып жүрегінен ұрғылап жылады.
Әлсіреп бара жатқан сені, Чонгук иығыңнан демеп көлік тұрған жақа беттеді. Кенет алдыларыңнан ашулы Наён шықты.
- Сүмелек! Арамза! Жеттің ба арманыңа? Жазықсыз Тэхёнді сен өлтіріп тындың! Тэхённің түбіне сен жеттің! Арамза!!! - деді бетіңнен шапалақмен бір ұрып.
- Есің дұрыс па? Көзіңді шел басты ма? Тэхёнді С/е өлтірген жоқ. Қайдағы жоқты көкімей жолдан былай тұр! - деді Чонгук Наёнді итеріп өте.
- Енді кезек Чонгукте деші? Ендегі құрбаның Чонгук пе? - деді Наён шамыңа әдейі тиіп.
- Жынымды қоздырма Наён! - деді Чонгук тоқтап бұрыла.
- Наён азап шегіп тұрғаныңды білемін… Бірақ сабыр ет… - аузыңнан еріксіз шыққан сөз осы болатын.
- Хах С/е бәрін тартып алу, тек сенің қолыңнан келеді деймісің? Менде бір күні жақсы көретін адамыңнан айырамын! - деп кетіп қалды.
- Сөзіне мән берме, - деді Чонгук сені көлікке отырғызып.

АРАДА 3 КҮН ӨТКЕН СОҢ

С/е сол баяғы Чон әулетіне оралмады. Сол ресторанда тұрып жүр. Әлі жұбайы Хосокпенде жолықпады, себебі бірден қарсыласына шабуыл жасамауды жөн көрді. Чонгук келіспеседе, өміріне қауіп келтіретін іске қадам басты. С/е өзін тағы өзгертуге шешім қабылдады, Тэхённің өліміне қатысы бар әрқайссын жазалмақ. Жазалау былай тұрсын қырып жоймақ ойы бар, жолына тұрғанды аямауды шешті. С/е’нің ішіндегі ұйқыдағы арыстан енді оянды. Әлсіздік деген ұғымды қағазға түсіріп, жағып жіберген болатын. Дәл кәзіргі уақытта С/е жұқа жіптің үстінен өтпек. Аяқ басқан соң соңына жету керек, немесе мүлде аяқ баспау керек.
- Арыстанның оянатын күні бүгін ба еді? - деді Чонгук мазақтай төсекке отырып.
- Мазақтайды мыс! Бірінші анамды ауруханадан алып қашуға барамыз. Сүмелек Хосоктың адамдары торуылдап жүрген болар… - ерніңе қызыл далабыңды жағып.
- Уайымдама, менің ақылдылығыммен оңай бәрін қатырамыз, - деді мақтана қолын айқастырып.
- Саған қатты сенбеймін, өзің білетіндей. Сенде Хосоктың бір көшірмесі секілді болып көрініп кете бересің… Бұл ойым үшін әліде ұяламын, бірақ сезіктенуім орынды… - айнадан артыңда отырған Чонгукке қарап.
- Сені жерге қаратпаймын С/е уайымдамашы, түптеп келе өзімде Хосокпен қаспын. Жауыңның жауы досың деген, - орнынан тұрып әтірді үстіңе сеуіп берді.
- Жақсы онда, біз кешігіп барамыз, - Чонгукті қолынан ұстап шығып кеттіңдер.

Сен ауруханаға жалғыз өзің кірдің, Чонгук артқы есіктен тығылып кірді. Сен бірден анаң жатқан палатаға бардың, бұл жолғы жоспарың жүзеге асқанын қалайсың.
Күзетшіге өтірік күле басыңды иіп, ішке кіріп кеттің. Қарасаң анаң төсекте жатыр, бәрі сол баяғыша… Анаңды қатты сағыныпсың, көзіңнен жасың ыршып түсе жүгіріп барып құшақтап алдың. Иә көзін ашпағанымен бәрін біледі, бәрін сезеді… Ең әлсіз тұсың анаң еді, міне енді бұл әлсіз тұсыңды Хосоктан алып қашпақшысың.
Чонгук палатаға құпия есіктен кірді, айтуларынша бұл есіктен тек бас дәрігерлер ғана кіруіне рұқсат екен. Чонгук дәрілерлермен Чон тегін қолданып келісіп алған еді. Чонгуктің соңынан екі еңгезердей жігіт кіріп, анаңды сол жүретін төсегімен қоса алып кетті.
261 views𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫 иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 08:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:17:06 AǴAMNYŃ ÁIELI,
ALǴASHQY MAHABBATYM

■ ЖАНР: АНГСТ, +18, ГЕТ, ТРАГЕДИЯ, РОМАНТИКА.
■ БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР: ЧОН ЧОНГУК, КИМ С/Е.
■ ҚОСАЛҚЫ КЕЙІПКЕРЛЕР : ЧОН ХОСОК, КИМ ӘУЛЕТІ, ЧОН ӘУЛЕТІ, ЮНА, НАЁН, КИМ ТЭХЁН.
■ БӨЛІМ САНЫ: 10-15
■ АВТОР: #Roni

11 PART

Қолдары ептілікке салынып, үстіңдегі керексіз киімдерден арылып жатыр. Кенет тоқтап қалды, үстіңе көрпеңді жауып, жаныңа жатып сені құшақтады. Не күшпен тоқтады? Не себепті?
- Қыздарды мас кезінде қолданып кетердей малғұн емеспін. Мен жайлы шындықты біліп, маған деген махаббатыңның ашылғанын күтетін боламын. Мен сені шынайы жақсы көремін Ким С/е. Ақмағыңды кешіре алсаң кешірші… - деді жәймен сөйлеп, шекеңнен нәзік сүйді.
Сенде Чонгуктің құшағында еріп кеттің. Белінен тас қылып құшақтап алғансың, тап бір қашып кетердей.
Мастықтан екі бетің қызарып кеткен, Чонгук байқап мырс күлді.
- Чон? - дедің ұйқың келмей.
- Ұйықта С/е, ертең маңызды сот болмақ.
- Шыныңды айтшы, біз бұрындары расыменде қас жау болдық па? Түріңе қарасам, шыбын жанын ренжітпейтін адамға ұқсайсың. Тым алдамшысың… - есіней Чонгуктің кеуде тұсына басыңды қойдың.
- Ондай сандырақты кім айтып жүр? Хосок па? Оттаған әңгіме айтқанының бәрі, - ұйқыңды тез келтіру үшін шашыңнан нәзік сипады.
- Наён айтты…
- Наённің жан құрбың екеніне сенімдімісің бе? Неге олай жасайды? - деді сенен жауап күтіп, бірақ үнсіздік.
- С/е деймін, - деді сенің жүзіңе басын көтере қарап.
- Қайырлы түн күнім, - деді пысылдап ұйықтап жатқан саған қарап. Өзіде көзін жұмып ұйқыға кетті.

Ертеңіне сен жігіттің қатты айқайынан ояндың, қолыңмен төсектен Чонгукті іздегенімен таппадың. Жігіт телефон тұтқасы арқылы қатты ұрсысқаны сонша, денең дір ете көзіңді бірден аштың. Таң азаны секілді, жан-жағың тым жарық болды.
Көзіңе шағылысқан күннің сәулесін қолыңмен бүркеп, төсектен тұрдың. Қарасаң, айқайлап ашуланып жүрген Чонгук екен… Бірақ не үшін ашулы? Не үшін айқайласып жатыр?
- Ч… Чонгук не болып жатыр? - дедің әлі ұйқың ашылмаған көзіңнен уқалап.
- С/е… С/е мен саған бір нәрсе айтамын, тек сабыр ет жақсы ма? Келістік қой? - жігіт телефон тұтқасын қойып, дірілдей екі иығыңнан қысып жүзіңе қарады.
Әлде бір мұң көрінеді, өзінің қайысқан қабырғасын білдіртпеуге тырысып тұрды. Көзінің қарашығы үлкиіп-кішірие ойнақтап тұрды.
- Н… Неге бұлай сөйлеп жатырсың? Түсінсем бұйырмасын, жұмбақтамай айтшы? - дедің неге екені белгісіз, өзіңнің қолың дірілдеп екінші қолыңмен айқастыра.
- Кеше түнде… Ким Тэхён өз-өзіне қол жұмсапты… - деді соңғы шыдамды талшығымен сөйлей. Айтуға қиналғаны анық көрінді, мойнының тамыры мен көзінің тамыры қызарып шыға келді.
- Н… Не? Не айтып кеттің Чонгук. Кәзір саған ойнайтын сәт пе? Әзіліңді доғар, сот залына кетеміз. Тэхёнды шақыр! - дедің жігіттің иығыңдағы қолын сілкіп түсіре.
Дереу киіміңді жөндеп кие, айнаға қарап шашыңды тарадың.
- С/е, мен ойнап тұрған жоқпын. Азанда Тэхённің өлі денесін үйінен тауып алыпты. Полицияның айтуы бойынша тамырын кесіп… - дей бергені сол еді, сен сөзін бөліп жібердің.
- ТОҚТАТ! ЖЕТЕР! Шақыр Тэхёнды! - қолың дірілдеп, шаш тарағышың жерге тарс құлады. Нерв талшықтарың ойнап, шашыңды қыса жерге бүктеле отыра қалдың. Чонгук жағдайыңа алаңдап жаныңа жүгіріп келді.
- С/е? С/е? Сенде бәрі дұрыс па? - қолыңды шашыңнан босатпақ болып еді, жігітті итеріп жібердің.
- Тэхён өзіне қол жұмсады ма? Әлде біреу өлтірді ме? - орныңнан атып тұрып, жерде сен итергеннен жартылай жатқан Чонгукке қарадың.
- Тэхённің өзін-өзі өлтірді дегенге сенбес едім… Бұл сотта пайдасына шешілетін тарапқа пайдалы секілді.
- Сенде мен секілді ойлап тұрмысың?
- Иә, Хосок болуы әбден мүмкін, - орнынан тұрды.
- Әбден емес жүз пайыз сенімдімін. Әкем енді Тэхён, келесі құрбаны кім ол мақұлықтың?! - айна тұрған үстелден тарс ұрдың. Жаныңда тұрған вазаны алып, айнаға бір лақтырдың.
- С/е тыныштал, - деді Чонгук жаныңа келіп құшақтап.
- Мен онсызда тынышпын! Әкемді, досымды өлтірген малғұн жер басып жүрген болса, мен әлі тынышпын деген сөз. Бірақ соңғы шыдам талшығымды ол аяусыз өзі тіленіп кесті, енді аяушылық жоқ, - ызаға толған көзіңмен жердегі жатқан сынық айнаға қарадың.
286 views𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫 иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 08:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:17:03 Кайырлы обед мен вай файга кырем сондыктан да енды кырып атрм телеграм га ринжеменыздер
284 viewsSUGA_TEKOK, 08:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:15:50 Кайырлы обед мен вай файга кырем сондыктан да енды кырып атрм телеграм га ринжеменыздер
282 viewsSUGA_TEKOK, 08:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:09:04 AǴAMNYŃ ÁIELI, ALǴASHQY MAHABBATYM ■ ЖАНР: АНГСТ, +18, ГЕТ, ТРАГЕДИЯ, РОМАНТИКА. ■ БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР: ЧОН ЧОНГУК, С/Е. ■ ҚОСАЛҚЫ КЕЙІПКЕРЛЕР : ЧОН ХОСОК, КИМ ӘУЛЕТІ, ЧОН ӘУЛЕТІ, ЮНА, НАЁН, КИМ ТЭХЁН. ■ БӨЛІМ САНЫ: 10-15 ■ АВТОР: #Roni …
308 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:54:41 • Осылай болғанына мен кінәлімінбе? 2-бөлім. С/е дүкенге арбасын сүйреп келе жатқанда алдынан сыныптасы шықты. С:охохохо,С/е. С/е:Сәлем. С:Сені енды кім тұрмысқа алады. Не бала көтере алмайсын ай ай.Көзіңе қарап жүрмисіңбаа . С/е:Саған тек күлкі…
318 views....), 07:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:13:26 Всем хаййй .
Кіттай калд и сосн салам күтесіздерма .
355 views𝐉𝐢𝐧𝐥𝐢𝐥𝐢 ∞, 07:13
Ашу / Түсініктеме