Get Mystery Box with random crypto!

🍒Classik_world🍒

Telegram арнасының логотипі kpop_fan_fik09 — 🍒Classik_world🍒 C
Telegram арнасының логотипі kpop_fan_fik09 — 🍒Classik_world🍒
Арна мекенжайы: @kpop_fan_fik09
Санаттар: Музыка
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 34
Арнадан сипаттама

Қᴏɯ ᴋᴇᴧдің жᴀниʍʍ. Ꮾұᴧ жᴇᴩдᴇн қыɜықᴛы ɸᴀн ɸиᴋᴛᴇᴩ ᴏқи ᴀᴧᴀᴄың. Ꮶәнᴇᴋᴇй, ᴛіᴩᴋᴇᴧᴇ ғᴏй♨️
Ᏼᴧᴀдᴇᴧᴇц: @
Аяқталған фанфиктер:

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2021-07-19 10:05:39 𝐤𝐩𝐨𝐩_𝐟𝐚𝐧𝐟𝐢𝐤_𝐰𝐨𝐫𝐥𝐝 pinned « AǴAMNYŃ ÁIELI, ALǴASHQY MAHABBATYM ■ ЖАНР: АНГСТ, +18, ГЕТ, ТРАГЕДИЯ, РОМАНТИКА. ■ БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР: ЧОН ЧОНГУК, С/Е. ■ ҚОСАЛҚЫ КЕЙІПКЕРЛЕР : ЧОН ХОСОК, КИМ ӘУЛЕТІ, ЧОН ӘУЛЕТІ, ЮНА, НАЁН, КИМ ТЭХЁН. ■ БӨЛІМ САНЫ: 10-15 ■ АВТОР: #Roni …»
07:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:05:35 - Н… Не? - дедің түсінбей.
- Мен Ким мырзамен араз болдым, кек алу мақсатында мен болатынмын өлтірген. Міне мынау тауып алған телефоным, осыдан хабарлама жаздым. Міне тапанша, осымен Ким мырзаны аттым, - деп сотқа табыстады.
- Не мақсатта мойындап тұрсың? Шет елге қашуға мүмкіндік туып тұр емес па? - деді Тэхён тістене қарап.
- Өз қатемді түсіндім, кешіріңіздер, - деді жерге тізерлеп отыра.
- Біз саусақ іздерін сараптамаға жібереміз. Сот ертеңге ауыстырылды, - Тэхён ұратын таяқшасымен тарс ұра, сот залынан шығып кетті.
Сен әлі болған жайтқа сене алмай тұрсың, Хосоктың ақылдылығы мен арамдығына құрық бойламайды.

Тэхённің көлігіне бәрің отырдыңдар. Тэхён рөлде, Чонгук жанында, сен артына отырдың.
- Соджу ішуге сонда да барамыз ба? - дедің жақтырмай сөйлеп.
- Иә, соджуды бақытты не жаман кезде ішу керек деген заң жоқ. Уайымдама С/е біз алдын ала тойлаймыз, себебі ертең жеңеміз, - деді де жұлқына көлікті айдап кетті.
- С/е, бізге сенім арт, артық ештеңе ойлаушы болма, - деді Чонгук саған көзін қысып. Сен оның бұл ісіне көзіңді айналдыра терезеге қарадың.
Көлік лезде ұшып жақсы бір ресторанның алдына тоқтады. Барлығың түсіп соджу ішуге кірісіп кеттіңдер.
- Қымбат ресторанға келіп қажет емес еді, - дедің соджудан бір ұрттап.
- Керек, өзімізді өзімізден басқа кім еркелетсін? Өмірдің қызығын сезінейік, толығымен мас болайық. Естен талғанша ішіңдер, - Тэхён ауыр күрсіне ыдыстан қылғытып жіберді.
- Дұрыс айтасың бро, бүгін саған толықтай келісемін, - Чонгук ыдыстағыны аз көріп шынысынан қылғытты.
- Оңбаған Хосок, ешек сені оңдырмаймын! - айқайлап жіберіп ыдыстан бір қылғыттың.
- Арамза Хосок! - Тэхёнда айқайлап ыдыстан қылғытты.
- Хён болмай кеткір! - деді Чонгук күліп.
- Қой ағаң ғой олай деме, - дедің нәзік күле.
- Әттең Хосоктан ерте туылып, бөпе Хосокты өзеннен лақтырып жібермеппін, - деді Чонгук жындана күле.
- Хосок өлермен ғой, оданда тірі қалар еді, - деді Тэхён ыдыстан қылғытып.
- Өткенде Наён Тэхён мен үшеуіміз соджу ішіп едік… Бүгін мүлде сөйлеспеймін деген адам Наённің орнында отыр, - дедің қинала күліп ыдыстан қылғытып.
- Білесің бе сол Наёнің өтірікші, мені алдап кетті шайтан қыз, - деді Чонгук шыныдан қылғытып.
- Наённің әдеті сондай, - деді Тэхён күліп.
Осылай түннің бір уағына дейін отырдыңдар. Сағат шамамен 02:14 болып тұрды. Тэхён ертеңгі сотқа дайын болуым керек деп ертерек 01:27 шамасында кетіп қалған болатын.
Чонгук екеуің әлі отырсыңдар. Орныңнан тұрсаң қисалаңдап жүре алмай, Чонгуктің алдына отырып қалдың. Дәл қазіргі сәтте екеуіңнің көздерің түйісіп қалды. Сен қашқақтап басыңды бұға алдынан тұрмақ болып едің, Чонгук беліңнен қысып қайта отырғызды.
- Бұл жолы аузыма құсушы болма! - деп еріңнен нәзік сүйді. Бұл сүйіс сағанда ерекше ұнады, дәл кәзіргі сәтте бар қиындығыңмен кекті ұмытып кеткендейсің. Чонгукке бұл аздық етіп, сені қолыңнан ерітіп ресторанның төбесінен бір бөлме жалдатты.
Сені беліңнен демеп бөлмеге алып кірді. Кірген бетте сені төсекке жатқызып жаныңа жатты, беліңнен нәзік құшақтап ерніңнен сүйді. Қолдары ептілікке салынып үстіңдегі керексіз киімдерден арылып жатыр…
Жалғасы 150-коментарий
366 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 07:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:05:34 Шамасы құрбыңның реніші әлі басылмаған секілді.
- С/е саған айтып отырмын? - деді иығыңнан түрте.
- А иә? Не дедің? - айнадан көзіңді тайдыра жігітке қарадың.
- Тэхён жігітіңе бара жатырмыз деймін, алло?
- Иә, сосын ол менің жігітім емес.

ТЭХЁННІҢ КОМПАНИЯСЫ

Екеуің Тэхённің бөлмесіне кірдіңдер. Тэхён Чонгукпен қол берісіп амандасып, кейін сені құшақтап алды.
- Шошыттың ғой мені балапан, - екі бетіңді қысып шекеңнен сүйіп қайта құшағына қысты. Чонгуктың ашуы келіп тағат таппай кетті.
- Жә-Жә болды, - сенің шынтағыңнан қысып өзіне тартып алды. Тэхён Чонгуктің реакциясын көріп мырс күлді.
- Жайғасыңдар, - екеуіңе үстелді нұсқап қарама-қарсы отырып алды.
- Тэхён сот отырысы қашан? Біздің сотта жеңу пайызымыз неше? Мен қатты қорқып отырмын… - қобалжи алдыңдағы кішкентай сөмкеңді қысып алдың.
- Жеңуге тырысамыз. Мен ең мықты адвокатты жалдадым, АҚШ’тағы досым. Мен сенің сотыңда сот боламын, досым жеңіп шығарына сөзсіз сенімдімін. Екі жақтамай Хосок тарапын қысамыз.
- Бро мықтысың, - деді Чонгук мәз бола.
- Гүке рахмет саған, дәлелдер табуға үлкен көмегің тиді, - деді Тэхён көзін қысып.
- Екеуің қашаннан бері бұлай жақын араласатын болғансыңдар? - дедің екеуіне жалтақтай.
- Чонгук керемет жігіт. Егерде менің қолымда билік болса, Хосокқа емес Чонгукке үйлендіріп жіберетін едім, - деді сенің реакцияңды күтіп.
- Йаа! Тэ ашуыма тимеші… - ашулана.
- Не? Несі жаман? Хосокқа қарағанда мен жақсы емеспін бе? - деді Чонгук басын көтере.
- Екеуіңде бірдейсіңдер.
- С/е, Гүкеңнің ашуына тиме, - деді Тэхён екеуіңнің сүйкімді қылықтарыңа қарап.
- Туу Тэ!
- Мейлі қойдым-қойдым. Ертең үшеуіміз жеңісті атап өтуге соджуға барайық? - деді Тэхён жұмыс үстеліндегі шашылған қағаздарды жинап.
- Менде жоқ деген жауап жоқ, - деді Чонгук күле саған қарап.
- Менде де, - дедің Чонгукке әлсін күле.

СОТ КҮНІ

Чонгук екеуің сот залына кіріп барасыңдар. Кірсеңдер Хосоктар келіп қойған екен, бәрің көрермен отыратын орындықтарға жайғастыңдар. Тэхён сот залына қызыл-қара формасында кіріп келді.
- Орнымыздан тұрамыз сот келді, - деді көмекші жігіт. Бәрің орындарыңнан тұрдыңдар, Тэхён отырғанда сендерде отырдыңдар. Сот басталып кетті.
- Ортаға куәгер Ким С/е’ні шақырамыз, - деді көмекші. Сен батылдығыңды жинап ортаға шықтың, уайымдағаннан сол баяғы әдетіңе баса қолдарыңды тырнап тастадың. Көмекші саған қызыл ант беретін кітапты ұсынды. Сен бетіне қолыңды қойып ант бердің, оң жақ беттегі кішігірім қоршалған орынға кірдің.
- Сол күні Чон Хосок маған қорқыту мақсатында, әкемнің суретімен хабарлама жіберді, - дедің, залға сенің телефоның айғақ ретінде әкелінді.
- Хосок үйлену жайында құжатқа қол қоймасаң әкеңді атамын деді, бірақ сөзінде тұрмады. Бұған өкінішке орай айғақ жоқ. Чонгук куәгердің айтуынша Хосок үйіне сол күні бармаған, ертеңіне абыржулы күйде келген, - дедің куәгер ретіндегі әңгімеңді бітіріп. Ортаға Хосокты әкеліп, оғанда ант бергізіп сенімен қарама-қарсы бетке тұрғызды.
- Менің ол күні компаниям жанған болатын, сол себепті сонда бір күн бойы жүруіме тура келді. Куәгерлер ретінде компания қызметкерлерінен жауап алсаңыздар деймін.
- Ал телефон хабарламасы арқылы қорқытуды қалай түсінеміз? Неге сол түні үйге қайтпадың? - әңгімеге Тэхён кірісті.
- Мен тойдан асығып кеткенде қалтамнан түсіріп алдым, маған қастық ойлаған біреу жасаса керек. Менің қайтпау себебім өрт көп жерге тарапты, - деді қорғанушы ретінде әңгімесін аяқтап. Сот тұп тура 2 сағатқа созылды, Тэхён сөзсіз жеңіп келе жатыр. Хосоктың адвокатын жермен жексен етті, әр сөзінен түйреп су бетіне шықпаған тұстарын шығартты. Иә Тэхён расында керемет сот, сенің Тэхёнге деген алғысың еселене түсті. Тэхён бүкіл айғақты жинап шешім шығармақ болғанда, сот залына бір үлкен жастағы еркек жүгіріп кірді.
- Бұнда сот болып жатыр, сенікі не бассыздық? - деді көмекші жекіп.
- Мен қылмыскермін. Ким мырзаны өлтірген менмін, - деді ортаға келіп.
354 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 07:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 09:51:07 AǴAMNYŃ ÁIELI, ALǴASHQY MAHABBATYM ■ ЖАНР: АНГСТ, +18, ГЕТ, ТРАГЕДИЯ, РОМАНТИКА. ■ БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР: ЧОН ЧОНГУК, С/Е. ■ ҚОСАЛҚЫ КЕЙІПКЕРЛЕР : ЧОН ХОСОК, КИМ ӘУЛЕТІ, ЧОН ӘУЛЕТІ, ЮНА, НАЁН, КИМ ТЭХЁН. ■ БӨЛІМ САНЫ: 10-15 ■ АВТОР: #Roni …
82 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 06:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 07:47:34 - Сәлем Хосок, - деді қыз ашу аралас күлкімен күліп. Хосок жынданып орнынан атып тұрды, қызды шынтағынан жұлқып өз бөлмесінен сүйреп шығарды. Калидор ортасында есік жақ бетіне қызды бір итерді.
- Енді қайта келсең оңдырмаймын, - деді де кері бұрылғанда қыз сөзбен тоқтатты.
- Екіжүзді болғаның ба Хосок…
- Не қарап тұрсыңдар? Жұмыстарыңды жасаңдар! - Хосок қарап қалған жұмыскерлерге жекіп бәрін зыр жүгіртті.
- Аяғым ауыр, кешірім өтінемін.
- Саған керегі ақша ма? - қыздың бетінен шапалақпен бір салды. Қыздың бір тамшы көз жасы ыршып түсті, қатты соққыдан емес жүрегіне ғашығынан қадалған жебеге…
- Мен саған аборт жасатта, өмірімнен мәңгіге құры деп айттым емес пе?! Кім білсін кімнің баласы екенін, сен жезөкшесің. Түсінемісің? - деді қызды иығынан бір сілкіп.
- Н… Не болып жатыр? - деп сен Хосоктың компаниясына кіріп келдің. Иә сен әкеңнің бейітіне барып, қайтар жолда Хосоктың шаңын қағуға келген болатынсың. Алайда болып жатқан жайтты көріп абдырап қалдың.
- Ештеңе! Неге келесің жұмыс орныма? - деді Хосок сылтау таппай.
- Сен… Автобус аялдамасында, мен талып қалған кезімде ауруханаға апарған қыз емессің бе? - жылап тұрған қыздың жанына келіп.
Жалғасы 150-коментарий 5.К
413 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 04:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 07:47:34 - Сәлем. Әрине, төрлет, - орнынан тұрып қарама-қарсы орындыққа қолын созды.
- Кофе ішесің бе, алдыртайын ба? - деді Тэхён, екеуіде орындыққа жайғасып.
- Жоқ керек емес, мен бір ауыз сөз айтуға келдім. Білемін қазір қолайлы уақыт емес… Мен сені сүйемін. Сені С/е’ден қатты қызғанамын, С/е жадын жоғалтқасын қызғанышым басыла ма деп ойладым… Алайды еш нәтиже жоқ, - деді басын төмен сала.
- Наён… Сен бұрыңғы қателікті тағы қайталап отырсың. Бұл ісіңді дереу доғар, мен сені сүймеймін. Бұрында да айтқан болатынмын, - суық әрі қатқыл жауап қата Наёнге қарады.
- С/е’ні әлі жақсы көресің ғой иә? Сенің менімен дос болу мақсатың, С/е’ге барынша жақын болу солай ма? Жауап бер? - Наён ашумен үстелді бір ұрды.
- С/е’нің қатысы жоқ. Біздің өмірімізді басқарғың келетініңді қой, мен кімді нені жақсы көрсемде өзім білемін. Түсінесің бе бұл менің өмірім, менің шешімдерім!

ЕСКЕ ТҮСІРУ

Кішкентай Наён Тэхёнге сезімін білдіруге мықтап бекініп, сыныбынан шығып Тэхённің сыныбына барды. Қараса кішкентай Тэхён сені жылы құшағына басып, жымия әңгіме айтып отыр екен.
Наён сырттарыңнан ұзақ бақылады, екеуің сондай бақытты көрінеді екенсіңдер. Наённің көзі жасқа толды, дәл кәзіргі сәтте сенің орныңда болғысы келді. Жо-жоқ ол сенің өмірден мәңгіге жоғалғаныңды қалайды, екі қолын жұдырықтап алған.
- Наён? - деді Тэхён жылап тұрған Наёнді байқап. Бірақ Наён кері бұрылып қашып кетті, Тэхён сені сыныпта қалдырып артынан жүгіріп шығып кетті.
Наёнді қуып жетіп, не болғанын сұрады. Көзі жасқа толған қыз жүзін жасыруға тесік таппай, Тэхёнді құшақтап алды. Жылағаннан ісіген көзін Тэхённің жемпіріне тықты.
- Не болды айтшы? Кім тиісті? - деді Тэхён не себепті жылағаныңа алаңдап.
- Тэ… Мен сені сүйемін. Өтінемін маған «Жоқ» демеші…
- Не? Қалайша? - естіген жаңалығынан қатты таңғалған жігіт.
- Бірақ сен С/е’ні жақсы көресің солай ма? - жүзін Тэхённің денесінен алыстата.
- Жоқ ондай ойда қайдан алдың?
- Мені алдама! Екеуің мені шетке ысырып қойып, жасырын кездесіп қызбен жігіт ретінде жүресіңдер солай ма?
- Иә сүйемін. Ал естігің келген жауапты естігеніңе разысың ба? - деді жігіт мұңға толған қыздың мөлдір тұнық көздеріне қарап.
- Егер С/е жоқ болып кетсе мені жақсы көре аласың ба?
- Есің дұрыс емес сенің, -Тэхён Наённің иығынан қағып өтті, шамасы бір жерге асықса керек. Жүрегі кекке толған Наён сыныпқа ашу ызамен бет алды.
Сен сөмкеңе соңғы кітабыңды салып сыртқа енді шықпақ болып едің, алдыңнан қолына дәу дубинка(темірден істелген ұрғыш зат) алып кіріп жындыша күлді.
- Н… Нестегелі жатырсың Наён? - дедің қыздан жүрексіне сұрап. Ол қойған сұрағыңа мырс күле қабырғаңнан дубинкамен бір ұрды, суық қару сені сыныптың мына басынан ана басына ұшырып құлатты. Басқалар үшін беліңде ол жәй тыртық болып қалғанымен, сен үшін тамыры тереңге жайылған тыртық болып қалыптасты. Құлағанда басыңды партаға ұрып есіңнен тандың. Ертеңіне ауруханада ояндың, жаныңда тек Наён ғана отыр.
- Тэхён АҚШ’қа ұшып кетті… - деп жылай кетті.
- Сол күні ол менімен қоштасқан болатын. Кейін сенімен қоштаспақ болған… - дедің көрпеден көзіңді алмай.
- Кешірші… - қанша дегенімен Наён саған қиянат жасағанымен, оны кешіруду шешіп құшағыңа қыстың. Сол күннен бері жұптарың бір ажыраған емес.
Оқиға қайта қайталанады ма?

ЕСКЕ ТҮСІРУ АЯҚТАЛДЫ

ХОСОКТЫҢ КОМПАНИЯСЫ

Хосок өз кеңсесінде қол астындағы қызметкерлерін зыр жүгіртіп жүр. Әрқайсысын сөгіп тіпті жұдырық жұмсады, сондағысы өзін қорғау мақсатында айғақтары мықты болмағаны үшін.
- Өңшең ақмақтар, ішіп жегірлер! Қан сорғыш немелер! Бір жөні дұрыс айғақ таппағандарың ба? - деді біреуін саусағымен нұқып.
- Мен сендерге ақшаны оңды-солды шашуға төлеймін бе? Миларыңды қосып, 1 сағаттың ішінде дені дұрыс айғақ әкеліңдер! - бір қызметкерді ішінен аяқ-киімінің ұшымен бір тепті. Әлгілер шошып бастарын иіп, кабинеттен қашуға есікке атылды.
Хосок мойнындағы галстугын босата орындыққа шалқая бергені сол еді, кабинетке бір қыз баса көктеп кірді. Артынан хатшы қыз тоқта деседе тыңдамай кірді. Хосок қызды көрген бетте көзі бадырайып кетті, шермиген қарнын көргенде тіпті абдырап сала берді.
358 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 04:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 07:47:33 AǴAMNYŃ ÁIELI,
ALǴASHQY MAHABBATYM

■ ЖАНР: АНГСТ, +18, ГЕТ, ТРАГЕДИЯ, РОМАНТИКА.
■ БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР: ЧОН ЧОНГУК, С/Е.
■ ҚОСАЛҚЫ КЕЙІПКЕРЛЕР : ЧОН ХОСОК, КИМ ӘУЛЕТІ, ЧОН ӘУЛЕТІ, ЮНА, НАЁН, КИМ ТЭХЁН.
■ БӨЛІМ САНЫ: 10-15
■ АВТОР: #Roni

9 PART

- Сені таптым ханшам… - деді ерніңнен ажырап.
- Есің дұрыс па Чонгук? - жігіттің бетінен бір салдың. Соңғы жайттар есіңе жәймен түсе басыңды ұрғылап жиырылып алдың. Әкеңнің өлген сәті көз алдыңнан кетер емес. Чонгук сені түсініп отыр, құшағына қысып.
- Жақында сот отырысы болмақ, соған дейін мықты болсаң деймін. Хосоктың сенің әлсірегеніңді көрмегені жөн, - сенің шашыңнан нәзік сипады.
- Жеккөремін сені, жолама маған! - жігітті кеудесінен бір итердің. Төсектен сырғып түсіп сыртқа шығуға тырыстың, бірақ Чонгук қолыңнан қысып қалды.
- Қайда барасың? Ұйқыдан тұрғаның кәзір емес пе, есіңді жиып ал.
- Жолымды бөгеме! - ашулы қарап қолыңды жұлып алып, бөлмеден шығып кеттің. Текпешектен түсіп бара жатқанда Чон ханыммен Чон мырзаны шәй ішіп отырғандарын көрдің, басыңды иіп кетпек болып едің.
- Қызым қайда барасың? Жағдайың дұрыс па? - деді Чон мырза алаңдап. Сен кейін бұрылып жандарына жақындадың.
- Иә, барлығы дұрыс, уайымдамаңыз. Әкемнің бейітіне барамын, - дедің Чон ханымның жанына жайғасып.
- 1 апта естүссіз жаттың ғой, шынымен дұрыс па? Сен бейіт басына жалғыз барма, ауырып жүрсің ғой, - деді Чон ханым шашыңнан нәзік сипай.
- Мен алып барамын, - Чонгук төбеден жүгіріп түсті.
- Жалғыз барғым келеді…
- Жоқ, сені мынандай күйіңде жібере алмаймыз, - деді Чон мырза.
- Жақсы, - орныңнан тұрып сыртқа шығып кеттің, артыңнан ілесіп Чонгук шықты. Алдыңнан жүгіріп өтіп көлігінің есігін саған ашты. Чонгукке сен мәнде бермей отырып есікті жауып алдыға қарап отырдың. Бұл Чонгукке берілген бір мүмкіндіктей, сыртқа білдірмегенімен іштей мәз. Мүмкін сенімен оңаша қалса араларың түзелер?
Чонгук көлікті оталдырып айдап кетті. Жол бойы үн қатпай бардыңдар, ол тыныштықты бұзып бірінші сөйледі.
- Тэхёнмен бала кезден бері дос екенсіңдер ғой иә? - басын саған бұрмай, бар назары жолда болды.
- Иә, неге сұрадың? - суық әрі қатқыл жауап қаттың.
- Тэхён сен жайлы бәрін біледі екен, ал мен білмеймін. Сол себепті маған өзің жайлы айтып берсең?
- Өтірік өміріме қызыққан сымақ танытпашы! Аузыңды жапта жолға қарасаң деймін? Мені жаныңда жоқ деп елестетсең, - Чонгукке зілді көзіңмен қарадың.
- Онсызда осы күнге дейін сені жоқ деп келдім, енді олай ете алмаймын, С/е! - ашулана жауап қатты.
- Өлтірді деп масаттанып келдің бе? Тірі қалғанымды естігенде жынданып кетердей болған шығарсың, - Чонгук естіген сөзінен ашуланып көлікті жұлқып тоқтатты.
- Әкеңнің өлімінен кейін көзіңді шел басқан екен. Түсінемін жақыныңның қазасы өте ауыр, бірақ жоқтан өзгеге мені түйреп, кеудемнен итергеніңе жол болсын!
- Иә, судан таза сүттен ақ сенсің. Сендердің ойларыңша адам өмірі ойыншық па?
- Ойнап жатқан адам мен емес, Хосок. Шатастырма! - саған зілді көзқарасымен қарады. Чонгуктің ашулы бейнесін өміріңде бірінші рет көріп тұрсың. Көзі сондай сұсты, жыртқыш аңның жүзі. Тағы бірдеңе десең талап тастардай сезім кештің. Үн қатпай, көзіңді терезе жақа тайдырдың.
- Кешір! - қайта алдына қарап көлікті айдап кетті.
Бұлда ағасының егізі екен. Сырттай сондай жақсы мейірімді адам, ішінде екіжүзді адам санасын басқарып отыр. Хосокқа да Чонгукке де қатты алдандым… Енді бұндай жайт қайталанбас! Дедің ашу аралас қиналыспен сөйлеп. Екеуің жол бойы үн қатпадыңдар, бір-біріңе ренжіп отырсыңдар. Жо-жоқ ренжіп отырған Чонгук қана, сен кектеніп отырсың. Ең бірінші Хосоктың көзін құртсам дейсің.

ТЭХЁННІҢ КОМПАНИЯСЫ

Тэхён сот ісіне қызу беріліп кеткен. Екі жақ тарапының әкеледі ау деген дәлелдерін, айғақтарын ой сарабынан өткізіп қағаз бетіне түсіруде. Есікті біреу тақылдатып ішке Наён кіріп келді.
- Сәлем, кірсем болады ма? Қолың бос па? - деді тартына кіріп.
372 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 04:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 07:29:20 Қайырлы тан күндеріңіз сәтті өтсін
384 viewsАяжан Жайлаухан, 04:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 07:06:13 𝐤𝐩𝐨𝐩_𝐟𝐚𝐧𝐟𝐢𝐤_𝐰𝐨𝐫𝐥𝐝 pinned «@vp_chat11 осы чатқа кіріп @Kpop_fan_fik09 тіркелгенге қайтарамын деп жазыңыздар көпрет. 5.К жетейік. Сол кезде фанфикті бүгін барлық бөлімін шығарамын.»
04:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 07:04:28 @vp_chat11 осы чатқа кіріп @Kpop_fan_fik09 тіркелгенге қайтарамын деп жазыңыздар көпрет. 5.К жетейік. Сол кезде фанфикті бүгін барлық бөлімін шығарамын.
376 views˹𝐄𝐥𝐤𝐚𝐫˼ иɜ ᴋиᴧᴧуния ༒︎, 04:04
Ашу / Түсініктеме