Get Mystery Box with random crypto!

Daguat Media

Telegram арнасының логотипі korkem_daguat — Daguat Media D
Telegram арнасының логотипі korkem_daguat — Daguat Media
Арна мекенжайы: @korkem_daguat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.51K
Арнадан сипаттама

Құрметті мұсылман бауырлар!
Каналымыз жайлы достарыңызға айта жүріңіздер. Олар да тіркеліп, білімдері артсын, барынша көп бауырларымызға пайдамыз тисін!
@korkem_daguat

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-08-09 12:05:12 Niyet Hajj & Umrah компаниясы сіздерді қыркүйек & қазан айларында Умра қажылығын жасауға шақырады!

Комфорт пакет $1 350

Пакет құнына кіреді:

Виза, мед.сақтандыру (1 жыл, мультивиза);
Әуе тасымалдау: бару және қайту ұшақ билеттері;
Al Jazeera Airways (Кувейт арқылы ауысып отыру);
Қонақ үй (бір бөлмеде 4 адам орналасады);
«Le Méridien Towers Makkah» Мекке қаласында 4-
жұлдызды қонақ үй (қонақ үй мен Әл Харам мешітінің арақашықтығы 1500м, 24 сағат тегін трансфер );
«Grand Al Safi Hotel Al Madinah» Медина қаласында 4-жұлдызды қонақ үй (қонақ үй мен мешіттің арақашықтығы 400м);
Тамақ: таңғы және кешкі ас (түрік асханасы);
Гид қызметі;
Экскурсия (Мекке және Медина қалаларындағы қасиетті мекендерге зиярат);
Трансфер (ыңғайлы автобус);

Сыйлық: қажы жиынтығы, 5л Зам-Зам суы.

Ұшу уақыттары:
1-топ 03.09.22 - 13.09.22
2-топ 12.09.22 - 21.09.22
3-топ 22.09.22 - 02.10.22
4-топ 03.10.22 - 12.10.22
5-топ 10.10.22 - 19.10.22
6-топ 17.10.22 - 26.10.22
1.2K views09:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-08 11:26:55
1.1K views08:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:01:40
338 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 06:51:45 “Уа, Алла тағалам! Мені тағы бір жаңа күнге жеткізгенің үшін шүкіршілік айтамын. Раббым бүгінгі күнімді пайдалы өткізуімді нәсіп ете гөр"
173 views03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 08:51:49 МҰХАРРАМ АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мұхаррам — һижри-қамари мұсылман күнтізбесіндегі жылдың бірінші айы. Сондықтан мұхаррам айының бірінші жұлдызы мұсылман күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бастауы саналады.

Сөздікте «мұхаррам» сөзі «құрметтелген», «харам етілген», «ұлықталған» мағыналарын қамтиды.

Танымал тіл ғалымы әл-Фарра: «Арабтар бұл айда өзара соғысуға тыйым салғандықтан мұхаррам деп аталған», — дейді. Бұл ай харам айы болғандықтан «мұхаррам» деп аталған деген дерек те бар.

Ал әл-Асмағи Амр ибн әл-Ғәләның: «Бұл айда соғысу харам болғандықтан мұхаррам деп аталған», — дегенін жеткізеді. Исламға дейінгі надандық дәуірінде арабтар бұл айда өзара соғысты тоқтатып, біршама тыныштық орнайтындықтан, осы ай «құрметті», «тыйым салынған» мағыналарын қамтитын мұхаррам атауын алған.

Сонымен қатар мұхаррам төрт харам айларының бірі. Мұхаррам атауы да осы жағдаймен тікелей байланысты. Кейде мұхаррам айы Алланың айы деп те аталады.

Алла Тағала Құранда: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, (адамзаттың игілігі үшін) ең дұрыс әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше, бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар», — дейді (9:36).

Аталған аяттағы «ендеше, бұл айларда өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар» тіркесі жайлы Ибн Аббас (Алла разы болсын): «Зұлымдық жасамаңдар деген бұйрық барлық айды қамтиды (12 ай бойы күнә-қателікке ұрынуға болмайды). Сөйтіп, айлардың ішінен төртеуін таңдап алды да, құрметті (харам) етті. Онда жасалған күнәнің жазасы ауыр, жақсылықтың сауабы мол», — дейді. Табиғин Қатада да осы сөзді қуатап былай дейді: «Харам айлардағы зұлымдық (күнә-қателік) басқа айларға қарағанда ауыр боп саналады».
356 views05:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 22:19:38 Хижри 1444 жыл құтты болсын!
207 views19:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 17:07:38
340 views14:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 02:26:32 "Мен алғаш ілім жолына түсерде әкем маған былай деді: Алланың разылығы қоқыс жинауда екендігін білсем, Аллаға ант етемін, сені қоқыс жинаушы етер едім. Бірақ адам баласын Алла разылығына жеткізетін қысқа жол ілім екенін білгендіктен, сені ілім жолына беремін".

(с) Рамадан әл-Буты (Алла рахымына алсын)
320 views23:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:43:22 - Түскі уақытта ұйықтар болсаң, түніңді ояу хәлде (құлшылықпен) өткізуге міндеттісің.

Түскі уақытта ұйықтаған адамның түнде тұруы жеңіл, әрі денесі энергияға толы болады. Түскі уақытта ұйықтай тұра, түніңді де ұйқымен өткізуге хақың жоқ.

Имам Аль-Ғазали ر.ع
(بداية الهداية)
286 viewsedited  09:43
Ашу / Түсініктеме