Get Mystery Box with random crypto!

Адам өзінде бар нәрсенің үлкен нығмет, жақсылық екенін кейде б | Daguat Media

Адам өзінде бар нәрсенің үлкен нығмет, жақсылық екенін кейде байқамай жатады. Оны бір сәтке болса да сезініп көру үшін, жай ғана отырып, өзімен-өзі қалып ойлана білуі қажет. Тәфәккур (ой-жүгірту, пікірлеу).

Ата-анасына ренжіп жатса, "Жетім болғанымда не істер едім?" - деп ойлансын. Баласына ренжіп жатса, "Құдай маған перзент бермегенде ше?" - деп пікірлей алады. Ең жақын адамына өкпелесе, оның орнына басқа адамды қойып көрсін н/е ол адамсыз өз өмірін елестетсін.

Осы секілді мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Қазақта бір сөз бар: "Адам басындағы бақты ұшқан кезінде ғана байқайды".

Шүкір етіп, дер кезінде байқаушылардан етсін!

A.S