Get Mystery Box with random crypto!

Ғалымдар күйзеліс пен стрестен құтылудың 8 жолын көрсеткен. Ол | Daguat Media

Ғалымдар күйзеліс пен стрестен құтылудың 8 жолын көрсеткен. Олар:

1. Барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынына, Оның күш-құдіреті барлығына жететініне сену;

2. Оған бойұсынып, Одан ғана жәрдем сұрау;

3. Күнәларыңызды мойындап, Алладан көбірек кешірім сұрау (истиғфар), Алланы зікір ету (СубханАллаһи уа бихамдиһи, Аллаһу Әкбар, Уә лә хәулә, уә лә қууәтә иллә билләһ, Астағфируллаһа уә әтубу иләйһ);

4. Дұға жасағанда Әс-Сәмииъ (Естуші), әл-Муқтәдир (Өте Қуатты, Алланың өктемдігінде, әл-қуатында шек жоқ), әл-Мужииб (Жауап қатушы), әл-Уәһһәәб (Сыйлаушы, Сый берушілердің Ұлысы) секілді Алланың көркем есімдері мен сипаттарын еске алу, тілге тиек ету;
Мысалы, "иә, әл-Ғании , мені байыт, әр-Раззәәқ, ризық-несібемді кеңейт", т.б

5. Алланың рақымынан, мейірімінен, жарылқауынан ешқашан күдер үзбеу.
Сеніммен тілеу;

6. Барлық істі әр-Раззәәқ (ризықты мол етіп беруші) Аллаға тапсыру, Оған ғана тәуекел ету;

7. Алланың сөзі болған қасиетті Құранды оқу, тыңдау. Мән-мағынасына ой жүгірту. Алла Құранда: «... Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) ғана тыныштық тауып, орнығады», - деген. ("Раъд" сүресі, 28-аят);

8. Намаз оқу. Расында, Алланы еске алудың ең үлкен түрі – намаз!
"Әй, иманға келгендер! Сабыр және намаз арқылы Алладан жәрдем тілеңдер!" ("Бақара" сүресі, 153-аят)