Get Mystery Box with random crypto!

Конституция - ол мемлекеттік жүйенің болмысы және елдің бейнес | Kongressman

Конституция - ол мемлекеттік жүйенің болмысы және елдің бейнесі. Ата заңның әділетті және халыққа ыңғайлы болуы бірінші кезекте біздің қызығушылығымызда. Президенттің конституцияны өзгертуге негізделген бастамасы орынды деп ойлаймын.
Біріншіден Жаңа Қазақстан деп аталатын мемлекетіміздің жаңа кезеңі демократиялық құныдылықтарға негізделген. Ал кәзіргі конституцияда оған қайшылық беретін пунктар аз емес. Екіншіден бұл заңды парламенттің өзі ғана шешпей халық талқысына салуы жаңа мемлекет құруда әрбір Қазақстан азаматының үлесі болуы керек екенің көрсеткендей. Әрбір сайлау мен референдум халықтың саяси белсенділігін оятатын ең үлкен шаралар екені сөзсіз. Және осындай маңызды өзгерістер халықтың талқысы мен қатысуымен өтуі маңызды.
Президент әр сөзінде біз жаңа Қазақстан құрамыз деп айтып жүр. Мен емес біз. Яғни жалпы халықты әр маңызды шешімге қатысуға шақыруда. Конституциядағя өзгерістер заңдық өзгерістер ғана емес саяси элиталар арасындағы ауа-райын өзгертуден бастап өте көп адамға кері нәтиже беретін себептерді туындатуы мүмкін. Сондықтан дәл кәзір біздің халықтың қолдауы президентімізге қатты керек. Бізде өзгерісті қалайтынымызды көрсетуіміз керек.
Құрметті жаңа Қазақстанның патриоттары және әлі де күмәнмен қарап отырған азаматтар! Бізге ескі жүйеге талабымызды және жаңа болашаққа деген үмітімізді көрсете алатын үлкен мүмкіндік туып тұр. Ол үшін 5 маусым күні сайлау учаскесіне барып дұрыс таңдауымызды жасау жеткілікті. Менде референдумға қатысам және сізді де ел болашағының қалану шарасына қатысуға шақырамын!