Get Mystery Box with random crypto!

'Қызыл-Жар' командасының көшбасшысы ҚПЛ белді ұжымына қосылады | Kommentator_Maulen

"Қызыл-Жар" командасының көшбасшысы ҚПЛ белді ұжымына қосылады деген ақпарат бар

Петропавлдық клубтың капитаны Еркін Тапалов "Астана" ФК сапын толықтырып қалуы мүмкін.

29-жастағы футболшы елордалық команданың назарына ұзақ уақыт бойы түсіп келді. Бір кездері Еркін "Астана" немесе "Ақтөбе" намысын қорғауға жақын қалған болатын. Алайда жартылай қорғаушы "Қызыл-Жарда" қала берді.

Петропавлдық ұжым өзінің әмбебап ойыншысына айырылып қалғысы келмейді. Олар Еркіннің келісімшартын тағы бір жылға созуды жоспарлауда.