Get Mystery Box with random crypto!

'Ақтөбе' ойыншысы еурокубок ойындарына дейін чемпионат ауыстыр | Kommentator_Maulen

"Ақтөбе" ойыншысы еурокубок ойындарына дейін чемпионат ауыстыруы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов Metaratings мәліметінше, осы жазда басқа клубқа ауысады деп күтілуде.

21-жастағы футболшы Ресей мен Түркия клубтарының шорт-листі тізіміне еніпті. Қызығушылық білдірген ұжымдардың бірі Максиммен байланыс орнатып үлгеріпті.

"Ақтөбеде" Самородовтың кететіндігін біліп отыр. Бас бапкер Андрей Карпович бұл футболшыны соңғы ойындарда қосалқы құрамда қалдыруда.