Get Mystery Box with random crypto!

«Ордабасы» - «Жетісу» «Жетісудың» ойындар күнтізбесін кім жаса | Kommentator_Maulen

«Ордабасы» - «Жетісу»
«Жетісудың» ойындар күнтізбесін кім жасады екен?

Талдықорғанның командасы бірінші турда «Ақтөбемен», екінші турда «Астанамен», енді міне, үшінші турда «Ордабасымен» ойнағалы тұр. Алмас Құлшынбаевтан обал. Осы ойындарды жеңілген соң, ол кісі қандай сезімде болады. Басшылық оны қызметтен алып тастамайтын шығар?! Бірінің артынан бірі үш алпауытпен ойнап шығады. Осыдан кейін «Жетісу» 4-турдан бастап ұпай ала бастауы тиіс.
Ал мына матчта шала қазақтар айтпақшы «Ардабасы» жеңеді. Өз алаңында ешкімді шақ келтірмесе керек қой бұл команда. Исламхан мен Тағыберген бастаған жігіттер жұлмалайды. Оның үстіне Шымкенттегі жасыл желеңі жұлмаланып кеткен алаңда өзгелердің футбол ойнауы қиын. Бұл «Ордабасының» артықшылығы, қарсыластардан басымдылығы деп біліңіздер.
«Ордабасының» жеңісі немесе жеке тоталы 1,5 көп.